72. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(4.12.1949 жылы Орда ауданы, Әжен ауылында туған.) 1967 жылы М.Мәметова орта мектебін, 1973 жылы Гурьев пед.институтын бітірген. 1973-1999 жылдары М.Мәметова, Мұратсай орта мектебінде мұғалім, №1 «Балбөбек» балалар бақшасына меңгерушісі, халыққа білім беру бөлімінде нұсқаушы жұмыстарын атқарған. 1990 ж. «Қаз ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған. 1999 жылдан 2009 жылға дейін Сайқын ауылы округінің әкімі болды. Аудандық демалыс орталығы жанындағы "Аруана" әжелер клубының белді мүшесі.
Ш.Ишанғалиеваға Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №26-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
