71. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1942, Орда ауд., Жиекқұм а.) – тарихшы, өлкетанушы. Мектеп бітіргеннен кейін 1961-1968 жж. Бисен кеңшарында әртүрлі жұмыс істеген. 1968-1972 жж. Алматы қаласында Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтта оқып, тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алған. 1972-1974 жж. Орда селосында 8 жылдық сауықтыру мектеп-интернатында мұғалім-тәрбиеші, 1974-1992 жж. Орда тарихи-революциялық музейде аға ғылыми қызметкер, 1992-2005 жж. Орда аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде маман, жетекші маман болып еңбек еткен. аудандық "Орда жұлдызы" газетінің корреспонденті. Бірнеше жылы аудандық "Орда жұлдызы" газетінің корреспонденті болды. 2005 жылдан бері зейнеткер.
А.Хамзинге Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №26-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
