Бөліп төлеңіз! Kaspi Red клубының таныстырылымынан
Жылда бір өнімді таныстыратын Kaspi Bank биыл да үнсіз қалмады. 19 тамыз күні кешке Алматыдағы Ritz Carlton қонақ үйіне банк 100-ден астам журналистер, ірі сауда үйлерінің басшылары, медиа мен бизнестегі, қаржы саласындағы танымал тұлғаларды жинады.

Kaspi-дің Басқарма төрағасы жылдағы әдетінен жаңылған жоқ. Қызыл кроссовка, қара жейде, джинсы киген Михаил Ломтадзе сахнаға шыққан сәттен шара басталғаны белгілі болды.

Михаил Ломтадзеннің қағазға қарамайтын әдеті бар. Бұл жолы да солай болды. Амандасқан соң, біздің 4 миллион клиентімізге екі тамаша жаңалығымыз бар деп хабарлады. Залдағы қауым бұл тамаша жаңалықтарды естіп үлгерген ба, ду қол соқты. Сонымен...
№1 жақсы жаңалық: Kaspi ГИД
Михаилдың айтуынша «Kaspi ГИД - мыңдаған сұрақтарға жауап беретін қызмет». Шыны керек қазір банктердің арасында бәсекелестік қатты. Жаңа өнімдер шығарады, клиенттерді тартуға тырысады. Содан болар соңғы уақытта өнімдерін әрбір адамға түсінікті жасауға тырыса бастады. Kaspi бұл жағынан көп банктердің алдында келеді. Әрі көп өнімдері нарықта жоқ. Әрине, мұндай жағдайда клиенттер тарапынан мыңдаған сұрақтар келіп түсетіні анық. Клиенттер жауапты оңай, жылдам табу үшін Kaspi онлайн жүйеде дайын жауаптар ұсынатын қызметті іске қосқан. Мысалы: сіз Kaspi магазин туралы сұрағыңыз болса, Kaspi ГИД-те бұл туралы толық жауап берілген. Мәтін аз десеңіз, әрбір сұраққа бейнежауап та дайындалған. Әзірше 50 бейнеролик бар екен. Михаил мұнымен шектелмейміз деді.
Kaspi.kz-тегі Kaspi ГИД қызметінде төмендегі өнімдер бойынша сұрақтарға жауап берілген:
- Комиссиясыз төлемдер
- Kaspi Gold жалақы картасы
- 0% бөліп төлеу
- Бонустар
- 4000-нан астам терминалдық қызметі туралы
- Кредит, депозит туралы
№2 жақсы жаңалық: Kaspi Red

Бірінші жаңалықты айтып болысымен Kaspi-дің басшысы екінші жаңалыққа көшті. Kaspi Bank Kaspi Red клубын іске қосады. Бұған дейін қазақстанда үй, автокөлік, тұрымыстық техника сияқты ірі заттарды ғана бөліп төлеу шартымен сатып алуға болатын. Енді бұл кезек киім, аяқ киім, опа-далап, сұлулық салондары, тұрмыстық заттар, жаттығу залдары т.б-ға келіп жетті. Kaspi Red клубының көмегімен (әзірше) алматылықтар 500-ден астам дүкен, салон, жаттығу залдарының қызметі үшін төлемді 3 айға бөліп төлей алады. Мысалы: Мега дүкенінен 50 мың теңгеге киім алдыңыз. Kaspi Red арқылы тура 3 айға, әр ай сайын 16666.6 теңгеден пайызсыз, комиссиясыз бөліп төлей аласыз. Бұл қызметті пайдалану үшін не істеу керек?
- Kaspi Red клубтық картасын банк бөлімшелері мен ірі сауда орталықтарынан тегін рәсімдейсіз. Бұл үшін жеке куәлік, ұялы телефоныңыз болуы керек.
- Картада 50 000, 100 000 теңгелік лимит бар. Қайсысын таңдауды өзіңіз шешесіз.
- Алматыдағы ірі дүкендерден зат алу кезінде, бөліп төлегіңіз келсе, клубтық картадағы лимитті пайдалансаңыз болады.
- Картадағы 50 000 теңгенің 30 000 пайдалансаңыз, 20 000 картаңызда қала береді. Жұмсалған 30 000 теңгені тура 3 айға бөліп төлеуіңіз қажет. Оған ешқандай комиссия, пайыз қосылмайды.
- Әрбір сауда үшін бонус беріледі. Мысалы: 10 000 теңгеге сауда жасасаңыз, 1 пайыз бонус бірден картаңызға келіп түседі. Kaspi-де 1 млн теңгеден асатын депозитіңіз болса 2 пайыз бонус аласыз. Егер клубтық картаны алған соң алғашқы айда 10 000 теңгеге сауда жасасаңыз, 3 000 бонус аласыз. Бонустарды kaspi.kz қызметтері үшін төлем жасауға болады. Айтпақшы kaspi.kz іске қосылғалы қазақстандықтар 1 млрд теңге бонус алыпты.
Михаилдың айтуынша бұған дейін қазақстандықтар бөліп төлеу қызметін негізінен электроника тауарларын алу кезінде белсенді пайдаланатын. Жыл сайын жасалатын 2,5 млн сатылымның әрбір үшіншісі бөліп төлеу арқылы алынатын. Енді оларға шағын заттар қосылмақ.
Жалпы өнімдерінің бағытына қарап отырсақ Kaspi-дің бағыты өзгергенін байқауға болады. Олардың ендігі ұстанымы: пайызсыз, комиссиясыз, артық төлеміз. Оу, бұл банк емес қой. Байқауымызша Kaspi алдағы уақытта банк деген ұстанымнан да бас тартуы мүмкін. Михаил Ломтадзе таныстырылым барысында "біздің кезекті идеямыз 9 айдан кейін пайда болады", деді. Соған қарағанда келесі жылы да жақсы жаңалық күту керек сияқты.
Әзірше Kaspi.kz cайтын ашып, ГИД және Red-пен таныса берсеңіз болады.
