70. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(05.04.1949 ж.т., қазіргі Бөкей Ордасы ауд., Бөрлі а.) – киноактер. Алматыдағы республикалық эстрада студиясын бітірген (1968), Алматы мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетінде Ш.Жандарбекованың класында (1968-1971), Мәскеуде Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында КСРО Халық әртісі Б.А.Бабочкиннің шеберханасында тәлім алған (1974). 1974 жылдан Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясында еңбек етеді. Н.Есімғалиев 40-қа жуық киноға түскен. Қазақстан кәсіпқой киноактерлер гильдиясын құрып (1998), соны басқарған.
Н.Есімғалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №26-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
