Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

7. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(1902 -1979) Ордадағы тұңғыш қазақ үлгілі атты әскер полкі жауынгері. Кеңес үкіметін орнату, оның саясатын түсіндіру, колхоздастыру, бай-кулактармен күрес сынды істермен қатар, сол кезде болыстық, аудандық атқару комитеттерінің төраға қызметінде, ішкі істер органдарында істеген. 1928-1941 жж. мемлекеттік банк жүйесінде, финанс қызметкерлері кәсіподағында басшылық қызметте, Алматы жылқы заводының директоры болған. 1941 ж. қысқа мерзімді курстан өтіп, капитан Шағыров бөлімше комиссары, командирдің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары, рота командирі болады. Курск маңындағы ұрыста қатты жараланып, бір қолынан айырылады. Елге келгеннен кейін 1943-1971 жж. Алматы облысаралық совхоздар тресінің директоры, Қазақ «Главкаучук» тресінде басқарушы, Қазақ «Союзлекарспром» конторының директоры болып жұмыс істеген. ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Ш.Шағыровқа 75 жасқа толуына орай Еңбекшілер депутаттары аудандық Совет атқару комитетінің 1977 жылғы 14 маусымдағы шешімі бойынша "Құрметті азамат" атағы берілген.

Сайқын ауылында Ш.Шағыров атымен көше бар.

0
0
283

Еще по теме