Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

7. ҚАУІПСІЗ ҚАЛА

Жаңаөзен қаласы барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін аймаққа айналуы тиіс. «Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттырып, бейнебақылау, көшелерді жарықтандыру жүйесін дамытатын болады.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтық тұлғалар тартылады және қоғамдық құрылымдардың саны ұлғаятын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- 2025 жылға қарай жергілікті полиция қызметкерлерінің алып жүретін бейнетіркегіштермен, қызметтік автомашиналармен 100% қамтамасыз етуге (бейнетіркегіші және GRS навигациялық жүйесі бар 100 қызметтік автомашинаны, әкімшілік құқық бұзушылық жасау үшін 125 планшетті жабдықтау);

- 2022 жылы Жаңаөзен қаласы әкімінің қалалық жедел басқару орталығының ғимаратын күрделі жөндеуге;

- 2025 жылға қарай ескерту жүйелерін, коммуникацияларды қайта пайдалану және оларды пайдалануға дайын күйінде ұстауға;

- Қаланың тұрғын аудандары мен ауылдық жерлерді жарықтандыруды жүргізуге;

- 2025 жылға қарай кемінде 282 көше бақылау бейнекамерасын орнатуға;

- Қауіпсіздік мәселелері бойынша әлеуметтік жарнама, арнайы телебағдарламалар өткізуге;

- Есірткілерді, психотроптық заттарды тарату және пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруға;

- Барлық мекемелерде, меншік түріне қарамастан, ғимараттарды дезинфекциялау және жуу құралдарының көмегімен ылғалды жинау, инфекциялардан жеке қорғаныс құралдарымен (маскалар, қолғаптар және т.б.), антисептиктермен, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ету және әлеуметтік қашықтықты сақтауға қол жеткізелді.

#nurotan #nurotanmangystau #nurotanzhanaozen

0
0
121

Еще по теме

7. ҚАУІПСІЗ ҚАЛА - Yvision.kz