7. ҚАУІПСІЗ ҚАЛА
Соңғы жылдарда Ақтау қаласында қылмыс деңгейінің төмендеу байқалады.
Бейнебақылау жүйесін дамыту, қала көшелерін жарықтандыру, қылмыспен тиімді күрес, жұмыссыздықтың азаюына ықпал ету арқылы қала адамдар өздерін қауіпсіз сезінетін қалаға айналуы тиіс.
Партияның міндеті – Ақтау қаласын тұру үшін жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
➢ 2025 жылға қарай қызметкерлерді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдарымен (100 планшет) жарақтандыруды жақсартуға;
➢ Бейнебақылау камераларымен жабу аумағын кеңейтуге, бейнені онлайн режимінде полицияның учаскелік пунктеріне шығару және тұлғаларды айырып тану арқылы 150-ден 550 бірлікке дейін ұлғайту есебінен;
➢ 2025 жылға қарай жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 35 жаяу жүргіншілер өтпесі бойынша жарықтандыруға (барлығы – 175);
2025 жылға дейін қаланың барлық шағын аудандарында жыл сайын 400 бірліктен кем емес, оның ішінде Өмірзақ селосы мен Приморский, Приозерный және Рауан тұрғын алаптарында жарықтандырудың жаңа тіректерін ауыстыру және орнату жолымен аула көшелерін жарықтандыруды қамтамасыз етуге қол жеткізеді.
