Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

69. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

1952 жылы 18 қарашада Жәнібек ауданы Тау әкімшілігінде дүниеге келген. 1970-1976 жылдары Ақтөбе дәрігерлік институтында оқыған. 1976-1977 жылдары Орал қаласында І жылдық интернатурадан өткен соң жолдамамен Орда аудандық ауруханасына балалар дәрігері болып келген. 1980 жылы Орда учаскелік ауруханасына меңгеруші болып ауыстырылды. 1985-1995 жылдары Орда аудандық ауруханасының бас дәрігері. 1995-2003 жылдары Жаңақала аудандық ауруханасының бас дәрігері. 2003-2006 жж. Орал қалалық №4 емханасында онколог-дәрігер. 2006 жылдан Бөкей орда аудандық ауруханасының бас дәрігері. 1991 жылы «ҚСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Бірнеше қайтара ауылдық, аудандық совет депутаты. Аудандық пленум мүшесі болған. Қазақстан дәрігерлерінің І-съезінің, Қазақстан балалар дәрігерлерінің ІІ-съезінің, Қазақстанның радиолог-рентгенолог дәрігерлері съезінің делегаты болып қатысқан. Денсаулық сақтау Министрлігінің, ОДСБ, облыстық әкімшіліктің құрмет грамотасымен марапатталған.

Ә.Ғаббасқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №26-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
174

Еще по теме

69. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz