Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

68. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(1947 ж.т., Бөкей ордасы ауд.) – күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1992). Күй тартуды танымал күйші, әкесі Е.Қазиевтен үйренген. Ол Құрманғазының “Саркөл-Сапар”, “Бұлбұл”, “Итог”, “Айдау”, “Тілемсек”, “Салық өлген”, Дәулеткерейдің “Орытпа”, Мүсірәлінің “Қу жетім”, Орыншаның “Байжұма”, Қамбардың “Ақ желең” сияқты ешкім білмейтін күйлерін орындап, республикалық алтын қорға жаздырды, оның бірқатары “Асыл мұра” деген кітапта нотасымен басылып шықты. Әкесінің күйшілік талантын бойына сіңірген Қ. та өз өмірін күй өнеріне арнады. Музыкалық білім алу мақсатымен, Ақтөбенің мәдени ағарту училищесін бітірді. 1977 ж. Бүкілодақтық бірінші телевизиялық фестивальдің және басқа да көптеген фестивальдардың, 1989 ж. республикада бірінші рет өткен әнші, күйші, жыршы, термешілер байқауының лауреаты атанды. 1982 ж. КСРО-ның құрылғанына 60 жыл толу құрметіне Қазақстанның Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысты, Қазақстан өнерпаздары делегациясы құрамында Германияда, Ресейдің Волгоград, Саратов, Астрахан облыстарында өнер көрсетті. Оның орындауындағы күйлер екі рет (1986, 1988) жеке күйтабақ түрінде жарық көрді.

Қазиевтың өнердегі еңбегі жоғары бағаланып, 2014ж «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен, Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалімен, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің грамоталарымен, дипломдарымен марапатталды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры» (2018ж).

Е.Қазиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
404

Еще по теме

68. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz