66. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1924- 2017жж) Талап ауылында дүниеге келген. Білімі – арнаулы орта. 1941-1942 жж «Жетекші» к/з колхозшы. Армияға 1942 жылы шақырылғын.Орынбор облысының Тоцк қаласында бірнеше ай әскери дайындықтан өткен.Соғыста Тынық мұхит флотының 13- гвардия бригадасының 502-ші минометшілер дивизионының көздеушісі болған.Солтустік Кореяны азат ету жолындағы Тынық мұхит флотының Сейсин операциясына қатысқан.Оған қатысқанны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табыс етілген.1945 жылы тамыз айында қолдан, аяқтан жарақат алған. Содан 6 ай госпитальда Польшада болған.II дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңген ушін», «Жапонияны жеңгені үшін», Маршал Жуковтің, адмирал Кузнецовтың атындағы медальдармен марапатталған. 1947-1950 жж. Талап 7 жылдық мектеп мұғалімі. 1951 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1951-1952 жж. Азғыр орта мектеп мұғалімі. 1952-1966 жж. Жәнібек механизациялау мектебінің курсанты, инструктор. 1966-1988 жж. Орда с/з қауіпсіздік техникасын сақтау инженері. 1988 ж. зейнеткер. 4 мерекелік медальмен марапатталған.
К.Нарболовқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №21-3 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
