65. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1926 жылы Талап ауылында дүниеге келген.) Білімі – арнаулы орта. 1942-1944 жж «Жетекші» колхозында жылқышы. 1944 ж. қазан айында Совет Армиясы қатарына алынып, Чкалов қаласы маңындағы Тоцк жаттығу лагерінде 3 ай соғыс тактикасына жаттығып, запастағы 13-атқыштар дивизиясының 265-полкі құрамында майданға аттанды. Шығыс Пруссияның Селенсиг станциясында тұрған Қызыл Тулы 5-Орал дивизиясының Қызыл Тулы 142–атқыштар полкінде І–Белоруссия майданы бағытында Одер, Шпрее өзендері бойындағы ұрыстарға қатынасты. Берлин операциясында Берлин қаласы арқылы Эльба өзеніне дейінгі жерлердегі шайқастарға қатысып 1950 жылы елге оралды. 1950-1952 жж. Ноғайбай а/с. 1952-1953 жж. Сайқын ауылында клуб меңгерушісі, 6 ай кітапхана курсының тыңдаушысы. 1953-1962 жж Сайқын а/с Қызыл отау меңгерушісі. 1962-1964 жж М.Мәметова с/з веттехник. 1964 ж Күйенгүл совхозында ферма меңгерушісі. 1964-1989 жж. Орда с/з веттехник болған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» т.б. мерекелік медальдарымен марапатталған.
Н.Жұмағалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №21-3 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген
