64. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
Мұхит Кәрімұлы Ізбанов 1951 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы Жұрын ауданы Ащысай кентінде дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ғалым, заңгер, полиция полковнигі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты, - Атырау облысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аумақтық басқармасының бастығы - Тәртіптік кеңесінің төрағасы болған.
Енбек жолы - зоотехник-селекционер, бас зоотехник, кәсіподақ комитетінің төрағасы, басқарма төрағасының орынбасары, кеңшар партия комитетінің хатшысы, Халық депутаттары кеңестерінің жұмысын басқаруды және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі, ҚР Жоғары Кеңесінің сыртқы қатынастар және парламентаралық байланыстар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының вице-президенті, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон департаменті бастығының бірінші орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік үдерістерді талдау және болжау бөлімінің маманы, бөлім бастығы, босқындармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы, ҚР Көші-қон және демография агенттігі Көші-қон басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары, ҚР II Арнайы қорғау қызметі бас басқармасының бастығы, «Теміржолжылу» АҚ аппаратының басшысы, қызметтерін атқарған. 2006 жылдың тамызынан бастап - Атырау облысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аумақтық басқармасының бастығы - Тәртіптік кеңесінің төрағасы болған.
М.Ізбановқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №20-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген
