Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

63. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(01.1940 ж.т., Бөкей Ордасы ауд., Мешітқұм а.) – еңбек ардагері. Орал ауылшаруашылық техникумын (1960), Алматы мал дәрігерлік институты (1968) бітірген. 1960 ж. Жәнібек ауданының Ленин атындағы ұжымшарда, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының “Амангелді” ұжымшарында, 1969-1972 ж. Жәнібек аудандық ауылшаруашылық басқармасында бас зоотехник болып қызмет атқарды. 1972 ж. Орда ауданының құрылуына байланысты сонда жіберіліп, 1981 жылға дейін аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас зоотехнигі, басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 1981-1985 ж. Орда аудандық ауылшаруашылық басқармасының, 1985-1988 ж. Қазталов аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, 1988-1993 ж. Орда кеңшарының директоры, 1993-2003 ж. облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім бастығы, Батыс Қазақстан облыстық “Каззооветснаб” бірлестігінің президенті болды.

М.Спандияровқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №20-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген

0
0
156

Еще по теме

63. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz