62. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(15.04.1939 ж. БҚО-ның бұр. Фурманов ауд. қарасты Төрт пішен а. - 2019ж Сайқын а.). - еңбек ардагері. Фурманов ауылындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Совет Армиясы қатарында азаматтық борышын 3 жыл өтеген. 1961 жылы Фурманов ауданы Жұлдыз қой совхозында есепші. 1967 жылы Бөрлі ауыл шаруашылығы техникумынын сырттай есепші-жоспарлаушы мамандығы бойынша аяқтайды. Сайқын ауылындағы М.Мәметова атындағы совхозында 28 жыл экономист қызметінде істейді. 1995 жылы бұрынғы совхоз қарамағындағы тұрмыстық комбинатқа директор болады. 2002 жылы зейнеткерлікке шығады. Шаруашылық, партия, кеңес басқару органдарының әр түрлі мақтау, марапаттауларға ие болды. 1987ж. "Еңбек ардагері" медалімен, аудан құрылғанына – 40 жыл толуына байланысты аудан әкімінің "Алғысхатымен", "Бөкей Ордасына 210 жыл" төсбелгісімен марапатталған. Тәжірибелі шахматшы 2013 жылы "Ардагер спортшы" атанып, арнаулы төсбелгіні иеленді.
Е.Кенжеғалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №20-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
