60. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(17.11.1946 ж.т., Бөкей ордасы ауд., Шоңай ст.) Орынбор ауылшаруашылық институтын (РФ) бітірген (1968). Армия қатарында болған (1968-1969) борышын өтеп келгеннен соң Астрахан облысы (РФ), Владимирск ауданы, “15 лет ВЛКСМ” ұжымшарында зоотехник, ауданның әр деңгейіндегі дайындау нысандарында басшылық қызмет атқарған. 1993 жылдан бастап “Исалиев” жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі болды.
А.Исалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №20-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
