6. АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР
Жаңаөзен қаласының табысты дамуының кепілі проблемаларды шешу үшін ортақ мүдделермен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады.
Бізге жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасын қайта қарау қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.
Ол үшін «Nur Otan» партиясы»:
- 2025 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 100%-ын электрондық форматқа көшіру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарына мониторингті жүргізуді;
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігіне партиялық және қоғамдық мониторинг жүргізуді;
- Әкімдіктер жанындағы қоғамдық және бақылау кеңестерінің жұмысына азаматтық сектор өкілдерін тартуды;
- Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу үшін, сауда және қызмет көрсету объектілерінде 2025 жылға қарай виртуалды бақылау-кассалық аппараттарды пайдаланатын кәсіпкерлер саны арттыруды ықпал етеді.
Аталған іс-шаралар жыл сайын қала тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруды және тұрғындардың мәселелерін ашық талқылау және шешу жолдарын ізденуіне жол көрсетеді.
#nurotan #nurotanmangystau #nurotanzhanaozen
