Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

6. АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР

Ақтау қаласының табысты дамуының кепілі проблемаларды шешу үшін ортақ мүдделермен біріктірілген азаматтардың белсенділігі болып табылады.

Бізге жергілікті атқарушы органдар мен қала тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

➢ 2025 жылға қарай «бір терезе» қағидаты бойынша және электрондық үкімет порталы арқылы 100% мемлекеттік қызмет көрсетуге жәрдемдесуге;

➢ 2025 жылға дейін жаңа шағын аудандарға арналған бір халыққа қызмет көрсету орталығын салу және ашуға;

➢ Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесімен сауда объектілерінің желісін кеңейтуге ықпал ету, 2022 жылға қарай онлайн бақылау-кассалық аппараттарды пайдаланатын кәсіпкерлер саны 100% құрауы тиіс;

➢ Мемлекеттік қызмет көрсету және сапасы бойынша партиялық және қоғамдық мониторингті қамтамасыз етуге;

➢ Төртінші деңгейдегі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықты барынша тартуға;

➢ 2022 жылға дейін қалада электрондық билеттеу жүйесін енгізуге;

➢ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға, оның ішінде «АдалҰрпақ» мектеп клубтарының жұмысына қатысуға;

➢ Ақылды және қауіпсіз қала құру мақсатында, «112-диспетчерлік қызметі», «Жол қозғалыстарының басқармасы» (МЖӘ), «Е-КСК» жобаларының іске асырылуына;

➢ Пандемия кезінде азаматтарға мемлекеттік қызметтердің кеңеюін және электронды форматта көрсетілуін қамтамасыз етуге;

➢ Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында онлайн курстарын ұйымдастыруға;

➢ Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде көрсетілуін жоюға қол жеткізеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың жергілікті билікке деген сенімі артып, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейді.

0
0
102

Еще по теме

6. АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР - Yvision.kz