Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

59. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(07.04.1944, Орда ауд. Сайқын с.) - аға шопан, еңбек ардагері. Білімі - 5 кластық. Еңбек жолын 1957 жылдан әкесіне көмекші шопан болудан бастады. 1961 жылы 100 қойдан 130 қозы алып, облыстық ауыл шаруашылық көрмесіне қатысады. 1962, 1963, 1964 ж. республикалық жас шопандар съезіне қатысып, аудан басшыларының ұсынысы бойынша "Аймекен" су қорын Жәнібекке тарттыру, Сайқын селосында орта мектеп салу жөнінде өтініш білдіріп мінбеден сөз сөйлейді. 1964 ж. алған міндеттемені орындағаны үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталды. Облыстық кеңеске депутат болып сайланды. 1965 жылы аға шопан болып малды өз атына алды. 1966 жылы өнімді еңбегі үшін "Ленин" орденімен марапатталған. 1972 жылға дейін М.Мәметова атындағы кеңшарда аға шопан. 1972-1993 ж. жанар-жағар май мекемесінде жұмыс жасады.

З.Абдрахмановаға Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №20-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
176

Еще по теме

59. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz