58. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(10.06.1941, Бисен а/к, Жиеқұм а.). 1958 жылы Жәнібек қазақ орта мектебін бітірген. 1978 ж. КПСС орталық комитетінің жоғары партия мектебін тәмамдаған. 1958-1963 жж. Жәнібек ауданының Т.Жароков совхозында құрылысшы, есепші, совхоз комсомол комитетінің хатшысы, 1963-1966 жж. Түркімен ССР-ы, Мары қаласында әскери борышын өтеген. 1966-1968 жж. Күйгенкөл совхозында комсомол комитетінін хатшысы, 1968-1971 жж. Жәнібек аудандық комсомол комитетінде ұйымдастыру бөлімінін меңгерушісі, 1971-1972 жж. Жәнібек аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1972-1985 жж. Орда аудандық партия комитетінде жалпы бөлім, 1985-1991 жж. ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1991-2004 жж. аудандық экология және табиғатты қорғау инспекциясының бастығы, 2004 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1972-1991 жылдар аралығында аудандық партия комитетінің мүшесі, бюро мүшесі, аудандық советтің депутаты болған. Бірнеше рет РСТ ВЛКСМ, Қазақстан ЛКСМ орталық комитеттерінің облыстық, аудандық комсомол комитеттерінің Құрмет грамоталарымен, Ұлы Жеңістің 20 жылдығы, В.И.Лениннің 100 жылдығында "Еңбек ардагері", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының Алғыс хатын, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алғыс хатын" алған
Б.Лұқпановқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №14-3 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
