56. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1939 ж.т., Орда а.) – білім саласының қызметкері. Орал пединститутын бітірген. Біраз жыл мектепте мұғалім, мектеп директорының орынбасары болып істеген. Аудандық партия комитетінде нұсқаушы, аудандық кәсіподақ кеңесінің төрағасы, аудандық атқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық кеңес төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1993-2002 ж. аудандық статистика бөлімін басқарған. Ол Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі белгісімен, Қазақ КСР Білім министрлігінің Құрмет Грамотасымен, ҚР Статистика агентігінің Құрмет грамотасымен, “Еңбек ардагері” медалімен марапатталған.
Н.Қадимовқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №14-3 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
