54. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(01.01.1940,Бөкей Ордасы ауд., Ноғайбай а.20.12.2019ж.Сайқын а.) – еңбек ардагері. 1965 ж. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітірген. Еңбек жолын Азғыр орта мектебінде аға пионер вожатыйы болып бастаған. 1965-1969 жж. қазіргі Ақжайық ауданының Чапаев мал бордақылау кеңшарында аға зоотехник, 1972-1982 жж. Бөкей Ордасы аудандық мал дайындау кеңсесінің директоры, аудандық халықтық бақылау комитетінде жауапты қызметкер, 1982-1993 жж. осы ауданның ауылшаруашылық басқармасында бас зоотехник, басқарма орынбасары, Т.Масин кеңшарында директор, аудандық жер комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Аудандық, ауылдық кеңестерге әлденеше рет депутат болып сайланған. 1993 жылдан аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы. “Еңбек ардагері” медалімен, көптеген “Құрмет” грамоталарымен марапатталған.
С.Хайруллинге Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №14-3 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
