53. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
ҚР спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы.
(1952 ж.т., Бөкей орда ауд.) – танымал спортшы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері (2005). Орал пединститутында оқып жүргенде самбо күресімен айналысқан. Бүкілодақтық “Буревестник” студенттер спорт қоғамының чеспионы атанып, Қазақ КСР-ы құрама командасының мүшесі болған. 1975 ж. Витебск (Белоруссия) қ-нда өткен Бүкілодақтық “Буревестник” спорт қоғамының жарысында чемпион болып, КСРО спорт шеберінің нормасын орындаған. 1975 ж. Тбилиси (Грузия) қ-нда өткен жазғы VІ Бүкілодақтық КСРО халықтары спартакиадасына қатысқан. 1976 ж. Курск (Ресей) қаласында өткен Бүкілодақтық студенттер универсиадасында ІІ орынды иеленген, самбо күресінен Қазақ КСР-ы кубогін жеңіп алған. 1977 ж. Липецск (Ресей) қ-нда өткен Бүкілодақтық жарыста чемпион атанған. 1984-1995 ж. Орал облысы бойынша самбо күресінің аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Ж. Батыс Қазақстан облысы бойынша спорт кадрларын даярлау ісіне елеулі үлес қосқан, 2 ҚР еңбек сіңірген спортшы, 6 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысын тәрбиелеп шығарған. Университеттің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі болды. 2002 жылдан Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт клубында төраға. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1995), халықаралық дәрежедегі төреші (1996).
Ж.Жәрдемовке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 қарашадағы №6-5 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
