Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

52. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

Жергілікті басшы.

(20.10.1959 ж.т., қазіргі Бөкей Ордасы ауд.). Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген, 1982-1985 ж. аудандағы әр түрлі шаруашылық мекемелерді басқарған. 1985-1990 ж. М.Мәметова атындағы кеңшар дың бас агрономы, 1990-1992 ж. Бөкей Ордасы аудандық агроөндірістік бірлестігінің төрағасы, кейін “Мұратсай” кеңшарының директоры, 1994-2001 ж. Тасқала ауданының әкімі, 2001-2005 ж. “Батыс орманы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын” директоры, 2008 -2011 жж Бөкей Ордасы ауданының әкімі. К. аудан экономикасы мен мәдениетін, халықтың әл-ауқатын жақсартуда елеулі қызмет атқарды. Сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді, түрлі мәдени шаралар өткізуді жолға қойды. Аудан тарихының өткені мен бүгінгі өмірінен сыр шертетін «Бөкей Ордасы» энциклопедиясын шығарудың бастамашысы болды.

Р.Каринге Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 маусымдағы №4-5 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
214

Еще по теме

52. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz