51. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
Мәдениет қайраткері, ғалым-өлкетанушы.
1927 ж. 9 мамырда Жымпиты а. қазіргі Сырым ауд. Ақбайұлы Досболат деген шаруа отбасында дүниеге келген. А.С.Пушкин ат. Орал педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1945 ж. мектепте оқып жүріп аудандық пионер үйінде тәрбиеші ретінде бастаған, кейін Жалпақтал ауылының орта мектебінде мұғалім, аудандық халыққа білім беру бөлімінде инспектор, Жалпақтал ауылының орта мектеп директоры, насихаттау және үгіттеу бөлімінде меңгеруші, Жалпақтал аудан партия комитетінің екінші секретары, аудандық атқару комитетінің орынбасары болған, 1971 ж. маусым айынан Батыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің мәдениет басқармасының бастығы болып 16 жыл жұмыс істеді. 1987 жылдан бастап республикалық маңызы бар зейнеткерлікте. Зейнеткерлік уақытында 1987 ж. бастап 1994 жылға дейін облыстық қазақ мәдениет қоры бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Ж. 250 мақала және тарихи-публицистикалық материалдардың авторы, соның ішінде Бөкей ордасы тарихы жөнінде ”Нарын-Казахия”, «»Хан Жәңгір», «Алшын-От-ана» атты кітаптар жазды. ”Халықтар достығы” ордені (1986), ”Құрмет белгісі” ордені (1966), ”Қажырлы еңбегі үшін” (1961 ж.), ”Тың жерлерді игергені үшін”, ”ҰОС Жеңіске 50 жыл”, ”Астана”(1998 ж.), ”Ұлы Отан соғысы” белгісімен марапатталды.
Ж.Ақбай Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 маусымдағы №4-5 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
