Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

5. ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Халық бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды.

Бүгін де Жаңаөзен қаласында 18-ден астам ұлт өкілдері тұрады.

Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- Тарихи-мәдени мұраны сақтау және өнер салаларын дамытуды;

- Қасиетті және маңызды орындар бойынша өлкетану экспедицияларын, облыстың киелі жерлерін (Бекет Ата қорымы, Шопан ата, Теңге Әулие, Сисем ата, Қошқар ата және т.б.) абаттандыру жұмыстарын жүргізуді;

- Ұлттық спорт түрлерін, дәстүрлі өнерді (соның ішінде айтысты) дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу жобаларын іске асыруды;

- 2021 жылға қарай Жаңаөзен қаласында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы филиалының құрылысын салуды;

- 2021 жылға қарай Рахат ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз етеді.

Аталған іс-шаралар жыл сайын қаланың 11,6 мың тұрғынын қамтуға мүмкіндік береді.

#nurotan #nurotanmangystau #nurotanzhanaozen

Еще по теме

5. ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ - Yvision.kz