Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

5. ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы.

Ақтау қаласы көшелердің атауларының орнына нөмірленген шағын аудандар пайдаланылатын Республикамыздағы жалғыз қала. Қаланың көрікті жері – құрлықтың еуропалық бөлігінде және үйдің төбесінде орналасқан Маяк.

Ақтауда 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады,Барлық этномәдени бірлестіктер «Қазақстан халқы Ассамблеясы»жаңа, әдемі ғимаратта орналасқан.

Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырамыз.

«Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды.

Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы

2025 жылға қарай келесі міндеттерді алға қояды:

➢ Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, Қазақстан халқының тілдерін дамытуға ықпал ету («Қазақшаңыз қалай?» «Мақал-мәтелдер мен сөз тіркестерінің жүйесі» және т.б.);

➢ Жыл сайын 100 мәдени іс-шара өткізуге қолдау көрсету;

➢ Ұлттық нақышта «Амал» (Наурыз) дәстүрлі іс-шарасын өткізу;

➢ Мерейтойлық күндерге (Бекет-Атаның 275 жылдығы, Ә. Кекілбаевтың

85 жылдығы т.б.) іс-шаралар өткізу жолымен көрнекті Қазақстандықтардың мұрасын танымал ету;

➢ Ақындар айтысын, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (тоғызқұмалақ, асық ату, ат спорты және т.б.) өткізу арқылы қазақстандық патриотизмді нығайту;

➢ Конфессияаралық және этникалық келіспеушіліктердің алдын алу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

➢ 2023 жылы 19-шы шағын ауданда орналасқан кітапхана, мұражай және театр құрлысын аяқтау.

Аталған іс-шаралар 2025 жылға қарай мәдени ұйымдардың қызметтерін пайдаланушылар санын 100 мың қала тұрғынына дейін арттыруға мүмкіндік береді.

0
0
250

Еще по теме

5. ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ - Yvision.kz