Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

5. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

әскери қайраткер, генерал-майор, тұңғыш қазақтың атты әскер полкінің жауынгері.

(28.02.1901ж қазіргі Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында Шоңғай ауылда -1988ж Мәскеу ) Ордадағы жоғары бастауыш училищені (1917), М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны (1924), жоғары әскери-химия академия курсты (1931) бітірген. 1918 Жексенбаев Бөкей Ордасында кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 1919 жылы көктемде Қызыл Армия қатарына алынып, Қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің құрамында бөлімше, взвод командирі, жеке қазақ атты әскер дивизиясында эскадрон командирінің көмекшісі болды. 1924 – 41 жылдары Қызыл Армия бөлімдерінде, Жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының әскери-химия басқармасында, Қиыр Шығыс ерекше армиясында жауапты қызметтер атқарды. Екі дүниежүзінде соғыс кезінде Батыс бағыт, Орталық, Брянск, Ленинград майдандарында жоғары командалық қызметтерде болды. 1945 – 49 жылдарда К.Е. Ворошилов атындағы химия шабуылдан қорғану әскери академиясының кафедра меңгерушісі, Кеңес Армиясы химия әскерлер басқармасы бастығының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, Беломор әскери округінда химия қызметінің бастығы, 1949 – 58 жылында В.В. Куйбышев атындағы Әскери-инжинерлік академияның кафедра бастығы, аға оқытушысы қызметтерін атқарды. 1958 жылда демалысқа шығып, Мәскеуде тұрды. Жексенбаев Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, бірінші, екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Ш.Жексенбаевқа 75 жасқа толуына орай Еңбекшілер депутаттары аудандық Совет атқару комитетінің 1976 жылғы 12 тамызындағы шешімі бойынша "Құрметті азамат" атағы берілген.

Ауданда Ш.Жексенбаев атымен көше, орта мектеп аты бар.

0
0
171

Еще по теме