kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
1

№5 ЕМХАНАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

2020 жылдың 19 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысуымен №5 емханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа және мемлекет пен халық мүддесіне қызмет етуге шақырды.