Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

48. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(14.06.1959, қазіргі Бөкей Ордасы ауд., Хан ордасы (бұрынғы Орда а.) – жергілікті басшы. 1976 ж. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген. 1981 ж. туған ауылына оралып, Орда кеңшарының №1 бөлімшесінде агроном болып еңбек жолын бастады. 1982-2000 жж. аталмыш кеңшарда экономист, осындағы №1 бөлімше меңгерушісі, аудандық партия комитетінде жауапты қызметкер, кейінгі жылдары Орда ауданы ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Орда кеңшарында бас агроном, ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, Б.Жәнекешев атындағы акционерлік қоғамының басқарма бастығы, Бөкей Ордасы ауданының әкімі, облыстық ауылшаруашылығы департаменті бастығының орынбасары болды. 2002 жылдан Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы. Жаңақала ауданының әкімі. ҚР АШІМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы. “Астана” және “ҚР Конституциясына 10 жылдық” медальдарымен марапатталған.

Л.Хайретдиновке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
263

Еще по теме

48. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz