Ұлт аралық неке

6586
0
0
14

Ұлт аралық некелер қазақ халқының түбіне жетеді...

Ұлтаралық  некенің  көбеюі  –  қоғамның  экономикасымен  мәдениетінің  дамуының  заңды  нәтижесі.  Адамдардың  материалдық  және  рухани  қажеттіліктерінде,  талғамдарымен өзара қатынастарында, әр түрлі халық өкілдерінің мінез құлқымен психологиясында оларды жақындастыратын ортақ белгілер қалыптасуда. Ұлтаралық неке  әр түрлі ұлт өкілдерінің әлеуметтік –мәдени даму деңгейлерінің рухани жақындығымен  шамаластығы жөнінде айғақтайды. Рухани жақындық жоқ жерде нағыз сүйіспеншіліктің  (махаббаттың) болуы да мүмкін емес. Ұлттар мен ұлыстардың жақындасуының негізгі  себептеріне  экономикалық,  саяси  идеялық  және  мәдени  байланыстардың  тереңдей түсуі жатады. Ал, ұлтаралық неке әр бір нақты жағдайда жалпы қоғамға тән, ұлттардың жақындасуы процесін туындатады.

Қоғам  өмірінің  барлық  жақтарын  интернационалдан  негізгі  үрдістерінің  бірі ретіндегі күн сайын артып келе жатқан этносаралық жақындасу оның әр түрлі салаларын қозғайды. Отбасылық тұрмыстық салада бұл процесс отбасының құрамында, отбасы ішіндегі қатынастарда, әдет ғұрыптарда, салт-жораларда, дәстүрлерде, материалдық  мәдениеттің  элементтерінде  байқалады. Этносаралық  жақындасу  процесінің  көрініс беру сипатының әр түрлі реңкі бар, бұл ол орын алатын этникалық ортаға, отбасының  ұлттық құрамына және басқаларына байланысты.

Ұлтаралық  некеде  бір  ұлтты  отбасыларға  тән,  қиындықтардан  басқа,  ерлі-зайыптылардың  ұлттық  психологиясы  мен  санасының  ерекшеліктері  мен  айырмашылықтарынан туындайтын қосымша қиындықтар да бар. Неке отбасылық  қатынастардың  біріңғай  моральдық  нормаларын  бекіту  процесі  әрбір  ұлттың  тарихи тәжірибесі негізінде орын алады. Бұл ұлттың психологиясына оның санасы мен сана-сезіміне  барынша  қатты  әсер  ететін,  олардың  ұлттық  нормалары  мен  барлық  ұлттар  үшін  ортақ  моральдық  нормалардың  үйлесімді  көрініс  беруін  білдіреді.  Өз  кезегінде,  психологиялық жағдайлар тұрмыс пен отбасылық-некелік қатынастарға белсенді ықпал  етеді,  сондықтан  әрбір  ұлттың  тұрмысында  жағымды  (оң)  жағдайлармен  қатар,  артта  қалған белгілер де қайсыбір дәрежеде сақталуда. Нақ сондықтан да бір ұлттың өкілдері  үшін үйреншікті болған жағдай басқа ұлт өкілдерінің түсінбеушілігін және қарсылығын  тудыруы мүмкін. Демек, ұлтаралық некедегі ерлі-зайыптылардың дүние танымдарының,  үлгі өнегелік көзқарастарының бірлігінде сәйкес келмеушіліктер болуы мүмкін.  Ұлтаралық  неке  қалыптасу  кезеңінде  тым  қорғансыз  болады.  Өйткені  бір  ұлтты  некедегіге  қарағанда  мұнда  ерлі-зайыптылар  өзара бейімделуді,  психологиялық  тұрғыдан  бірігуді  және  сырттан  болатын  қысымды  бастан  өткереді.  Бұл  жағдайда ұлтаралық  некенің  тұрақтылығы  тек  ерлі-зайыптылардың  өзіне  ғана  емес,  сондай-ақ  айналасындағылардың,  бәрінен  бұрын  ата-аналарының,туыстарының,  көршілерінің,  қызметтестерінің және т.б. бұл некені қаншалықты қолдайтындығына байланысты болады  (Әсіресе,  этникалық  жағынан  бір-бірінен  алшақ  жатқан  этнос  өкілдерін  тағдыр тоғыстырған болса). Ұлтаралық некенің қалыптасуы, дамуы мен қызмет ету процесінде  кездесетін  қиындықтарды  жеңу  оңай,  өйткені  ұлтаралық  неке  мұндай  қиындықтарды  жеңудің  «қосымша  әлеуметіне»  ие  А.Г.  Харчевтің  тұжырымдағанындай,  осындай  қиындықтардың болатынын біле тұрып, мұндай неке құру жөніндегі шешім қабылдау  үлкен жеке жауапкершілікпен байланысты және жеткілікті моральдық-психологиялық  негіздерге сүйенбей ондай шешімнің қабылданбауы мүмкін емес. Мәселен, Қазақстанның Оңтүстік облысының жағдайында – бұл қазақтардың өзге жергілікті ұлттар мен этникалық топтар өкілдері: өзбектер, татарлар, түріктермен және  т. б. некелесуі, сондай-ақ орыстар, украиндар, немістер, кәрістер және белорустармен  некелесуі бұл ұлттардың қазақ ұлтына жақындасуына алып келеді. Жақындасудың бұл  табиғи процесі ұлттар мен ұлыстардың дамуы мен жақындасуының тереңдей түскендігін  сипаттайды.

Ұлтаралық  неке  тұрмыстың  ұлттық  ерекшеліктерін  жақындастыруда,  оның  ортақ  белгілерін  қалыптастыруда  маңызды  роль  атқарады.  Осыған  дейін  айтып  өткеніміздей, тұрмыстағы ұлттық өзгешілік қандай да бір халықтың экономикалық, әлеуметтік өмірі мен  мәдениетінің  тарихи  дамуының  айрықша  жағдайларының  нәтижесінде,  ғасырлар  бойы қалыптасады. Басқаша  сөзбен  айтар  болсақ,  өмір  салтының  біркелкілігі  оның  алуан  түрлі  көріністері  қазақстандық  әрбір  ұлт  пен  ұлыста,  ұлттық  және  этникалық  топтарда  тұрақты  түрде  дамығанда  мүмкін  болады,  бұл,  өз  кезегінде  осы  алуан  түрлілікті  пайдалана отырып, өмір салтының біріңғай, барынша прогрессивті және мәнді белгілерін  жасауға мүмкіндік береді. Өмірдің қоғамдық жағдайларының осы бір обьективті процесі  ұлттардың жақындасуын туындатады, оның нәтижесінде тұрмыстың ұлттық формалары  жақындасады.

Бұл  феноменге  тұрмыстың  ортақ  белгілерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  ұлтаралық  неке  белсенді  ықпал  етеді.  Қоғамдық  өмір  нәтижелерінің  салдары  мен  баяндылығы  болып  табыла  отырып,  ұлтаралық  неке  өз  кезегінде  осы  процесті  шапшаңдатуға мүмкіндік береді.

Тұрмыс – бұл киімге, тамаққа, баспанаға, денсаулықты сақтауға деген материалдық қажеттіліктерден,  сондай-ақ  адамның  рухани  игіліктерді  меңгеруге,  демалуға,  бос  уақытын  өткізуге  деген  қажеттіліктерінен  тұратын  адамдардың  тіршілік  қызметінің  өндірістік емес саласы. Өзінің әлеуметтік ролі бойынша ол үлкен екі топқа бөлінеді, әр  түрлі қажеттіліктердің қоғамдық қанағаттандырылу жүйесі болып саналатын қоғамдық  топ және адамның өмірі үшін қажет мұқтаждықтарының қанағаттандырылуының жеке  формаларымен байланысты отбасылық топ.

Қазіргі тұрмыс – бұл қоғамның материалдық және рухани өмір жағдайларының ұзақ  тарихи дамуының нәтижесі. Тарих тұрмыстың үнемі өзгеріске түсіп, жетіліп отырғанын  айғақтайды. Сондықтан, оның дамуына әлеуметтік экономикалық қатынастардың өзгерісі  шешуші  ықпалын  тигізеді.  Кейінгі  көне  формалардың  өзгеруімен  ескірген  формалар  өткен  уақыттың  еншісінде  қалып  олардың  орнына  жаңалары,  неғұрлым  прогрессивті  формалары пайда болып, қалыптасуда. Ұлтаралық  некелердің  тұрмысында  ішкі  қайшылықтар  мен  шиеленістер  де  болып  тұрады.  Бұл  ерлі-зайыптылардың  және  олардың  ата-аналардың  отбасындағы  психикалық  құрылымындағы  дәстүрлердегі,  әдет-ғұрыптары  мен  халықтардың  өмір  үлгілеріндегі  ерекшеліктермен байланысты.  Ұлттық  мақтаныш  сезімінің  қыр-сырына   қарамай,  ерлі-зайыптылардың  бірінің  екінші  жұбайдың  мәдениетінің  прогрессивті  жақтарын,  тұрмыстық  дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарын  жете  бағалауына  байланысты  көңіл қоюды талап ететін теріс нәтижелер де болуы мүмкін. Екінші жағынан алғанда,  ұлтаралық некеде ұлттық тұрмыстың кез келген белгілері жұбайлардың бірі екіншісін  мәжбүрлеп  міндеттеген  кезде  өзінің  оң  маңызын  жоғалтады.  Ерлі-зайыптылардың  екеуінің де халқының психикалық құрылымы, мәдениеті, әдет-ғұрыптарына, дәстүрлері  мен өмір үлгілері ерлі-зайыптылар оларды өзара ерікті келісім негізінде қабылдағанда ғана оң маңызға ие болады.

Деректер не дейді?

Әртүрлі этностар қатар өмір сүріп жатқан қазіргі Қазақстан қоғамында аралас неке болмай тұрмайды. Бірақ аралас неке қазақ ұлтының болашағына пайдалы ма, әлде зиянды ма? Нақтырақ айтқанда, аз ұлттар азулы ұлттардың кең көмейіне жұтылып жатқан мына заманда, бар-жоғы 10 миллионнан жаңа асқан қазаққа аралас некенің берері бар ма екен?.

Осы тұрғыдан ой өрбітсек: 1940 жылы Кеңес Одағы өзінің құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізіпті. «Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен?» деп, санап кеп жібергенде, бірінші орынға Латвия секіріп шыққан да, екінші орында – Қазақстан. Ел басқарған азаматтардың қуаныштан бөркі қазандай болып, бірер жылда Латвияны басып озуға  ұмтылыс жасағаны жасырын емес.Кейін 1950 жылдары тың игеру кезінде елімізде аралас неке күрт өскен. 1940 жылдары 15 пайыздың шамасында болса, 1950-ші жылдардың соңында 23 пайызға жеткен. 1979 жылы дегенде әрбір бесінші неке – аралас неке болыпты. Бір таңданарлық жағдай, 1980 жылдардың аяғында  аралас неке күрт төмендеген. Тіпті 9,7 пайызға дейін құлдырап кеткен. Бұлай болуына әсер еткен дүние – елдегі демократиялық өрлеу пен ұлттық сананың оянуы сияқты. Оның сыртында орыстан қатын алған қазаққа көрсетілетін жеңілдіктер (пәтерлі болу, қызметін өсіру) келмеске кетіп бара жатқанын аңғарғандықтан болар біздің алақұйрық азаматтар аттың басын тарта қойған сыңайлы.

Қазір ше? Тәуелсіз Қазақия елінде жыл сайын шамамен 100 мың неке қиылады. Осының 20 пайызы немесе 20 мыңы аралас неке екен. Құдай бұйыртса, кешікпей Кеңес кезіндегі межеге жетіп жығылатын түріміз бар. Кейбір қоғамдық ұйымдардың зерттеуіне қарасақ, 18-20 жастағы қазақстандық қыздардың үштен бірі шетелдік жігітке күйеуге шыққысы келеді. Бұл бойжеткендердің 50 пайызы қазақ қыздары. Шетелдік азаматтармен аралас неке құрушылардың 50 пайызы ресейліктердің үлесінде. Келесі орында Қырғызстан мен Өзбекстан. Бұл ағайындар соқа бас жұмыс іздеп келіп-ақ, қалыңсыз қазақ қыздарын құшып жатыр. Тек Астананың өзінде құрылыста жүрген түріктерден туып қалған жиендер жүздеп емес мыңдап саналады. Түріктерге тоқалдыққа тиіп кетіп, басы сыймай қайтып келген қарындастар қаншама. Міне, біздің қазіргі жағдай осы. 2007 жылы Астана қаласында азаматтығы жоқ тұлғалармен 36 неке қиылса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 47-ге жеткен. 2009 жылдың алғашқы жартыжылдығында 37 неке тіркелген. Бұл сан жыл сайын өсу үстінде. Кеңес кезінде орыстан қатын алған ардагер ағалардың балалары, орысқа қатын болған апа-қарындастарымыздан туған жиендердің 80 пайызы қазір Қазақстанда тұрмайды. Әсіресе, жиендер 100 пайыз босып кеткен. Алды Америка, Канада, одан қалды Еуропа елдерінде. Оқыған білімін, қарым-қабілетін басқалар үшін жұмсап жатыр.

Қысқасы, жиендерден қайыр жоқ.. Қазақ рас айтады. Қазіргі жиендер – етін де жейді, сүйегін де бермейді.

Әрине, адамның кімге үйленуі – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Алайда, аралас неке аз халықты жұтудың жақсы жолы (Сэм Харисон). Еуропада ер адамдардың белсіздігі кең етек алып барады. Оның себеп-салдарын біреулер экологиядан, келесі біреулер тағамнан, үшінші біреулер кәсібіне байланыстырып әртүрлі болжамдар айтқан болатын. Жақында бұл дерттің себебін генетиктер тапқандай. Үш атадан үзілмей аралас некеден туған ұрпақ белсіздікке ұшырайды екен. Мұндай қорытындыға себеп болған дүние – белсіз еркектер өздерінің қай ұлтқа жататындығын білмеуі. Тіпті мұндай жағдай хайуандарды будандастыру барысында да байқалған. Мысалы: Алтайдың теріскей бетін мекендейтін қазақтар байырғы қол сиыр мен тау қодасын будандастырып «Кәйнік» деп аталатын ірі қараның жаңа  түрін тапқан. Ол тұрқы ұзын, сүйекті, аса ірі мал. Бір қызығы кәйніктен бұқа қоймайды, өйткені, оның еркегінде ұрық жоқ. Сол сияқты әлемде қазынасы бай, қуаты кем этностарды жұтудың бір жолы – аралас неке екендігін зерттеуші ғалымдар айтып жүр.

   

Метистер құрған  мемлекет

Аралас некенің шектен тыс көбеюінің салдарынан жеке ұлт немесе ұлттық мемлекеттің жойылып кетуі мүмкін бе?. Әбден мүмкін. Ондай мысалдар әлемде көптеп саналады. Мысалы: өткен ғасырдың басында Испан отарынан азат болған Перу елінде әртүрлі этникалық-әлеуметтік топтар пайда болды. Біріншісі – Перудің титулды халқы – кечуалар. Бұлар барлық халықтың көп пайызын құрады. Екіншісі – отарлаушы испандық креолдар. Барлық билік осыларда болды. Үшіншісі – перулік пен испандық аралас некеден туған – метистер..

Тәуелсіздік алған соң Перудің байырғы халқы дәстүрлі Инк мемлекеті – Тауантинсуйді қайта қалпына келтіріп, Инк империясын жаңғырту идеясын ұсынды. Қысқасы биліктегі креолдар мен халықтың денін құрайтын кечуалар арасында тартыс пайда болды. Осы тартыста аралас некеден туғандар (бізше жиендер) отарлаушы креолдардың жағына шығып кетті (біздегі орыс тілді қазақтың орыстар жағына шығып кеткені сияқты).

Метистер испан тілі диалектісімен сөйледі. Олардың тек тұрмысында, киімінде, жүріс-тұрысында ғана аздаған байырғы сипаттар болды. Ақыры бұл метистер бәрін ығыстырып билікті қолына алды. Бұлардың ықпалының күшейгені соншалық Қытай мен Үнді елінен, көрші Латын Америкасы мемлекеттерінен келіп қоныстанған қауым метистердің жағына шығып кетті. Олар метистің тілінде сөйледі, солардың мәдениетін қабылдады.

Шетелдік алпауыттар аралас некеден туған тасжүрек метистерді Перу халқының болашағы, ұлттың рухы деп көтермеледі. Айналасы жүз жылға жетпей байырғы халық перуандар (кечуалар) құрып кетті. Құрымауға бет алғандары алыс-шалғай тау-тас, орман-тоғайға барып тығылды. Қалалық жердегілер өздерін кечуалықтармыз деп айтуға арланды. жолда аса қатерлі іш ауруына шалдыққан. Кейбір дерек көздері уланған су ішкендіктен болған дейді. Қысқасы әскерлердің 80 пайызы қырылып қалған. Мыңдаған жас әйелдер жесір қалған. Отағасы отан үшін қаза тапқан отбасыларға «көмек» ретінде олардың малын бағып, отын жағып қарайласады деп, үй басына бір-бір жас қытай жігітін жіберген. Жас қытайлар кешікпей жесір әйелдерге үйленіп тынған. Осындай жағдайлардан кейін қазіргі Ішкі Моңғолдың жағдайы түсінікті.

Екі жылдың алдында www. Mglclub. сom /forum7/ ақпарат сайтында жарияланған дерекке жүгінсек: 6 миллионға жуық халқы бар ішкі моңғолдардың этникалық құрамы қатты өзгерген. Қытаймен қаны араласпай таза сақталғаны 1 миллионға жетер-жетпес. Қараңыз: өзінің ана тілі бар,  көнеден келе жатқан ұйғыр текті моңғол жазуы бар, ұлан-ғайыр тарихы бар бір этнос аралас некенің нәтижесінде құрдымға бет алды.

1970 жылдан бастап ҚХР-да жүргізілген адам өсімін шектеу туралы саясатқа байланысты ұлты қытай отбасыға 1 бала, қытай еместерге 2 баладан асырмауды заңдастырды. Осыған байланысты қытай отбасылар 1 баласының ер бала болуын қалайды. Жүктілік кезінде қыз бала болса ата-анасы өмірге әкелуден бас тартып, түсік жасату кең етек алған. Сөйтіп соңғы жылдары ұлдардың саны күрт өскен. Қазір 20 жас шамасындағы қыз-жігіттер  арасында ұлдардың үлес салмағы 30 миллионның үстінде көп. Бұл сан 2015 жылға қарай 90 миллионға жетеді дейді демограф ғалымдар.

Енді осы 90 миллион қытай еркегі қу тізесін құшақтап қатынсыз жүре бере ме, жоқ. Олар да әйел алып, балалы болуды қалайды. Қатынды қайдан табады дейсіз ғой… Іргесінде Қазақстан дейтін ел бар. Онда қыз көп. Көрінгенге тие береді. Өтірік десеңіз Борат атты кейіпкері бар, ағылшын киносын көріңіз…

Тіпті ресейлік баспасөздерде: «тайгада орыс келіншектермен отасып үлгерген қытайдың қарасы 80 мың-ға жетіпті-мыс» деген ақпарат жүр. Бейресми мәліметтер 30 мыңнан астам қытайлық азаматтар Қазақстанда да тастай батып, судай сіңгенін алға тартады. Жуырда көрші елдің интернет сайттарында алдағы 20-30 жылда Қазақстанда 20 миллион қытайлық мекендейтін болады деген қорқынышты мәлімет жарияланды…

Қазақ қыздарының шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығуы жиеленді

Орынсыз жерде сөз алмайтын, ұлтының, ер-азаматының жақсысын асырып, жаманын жасыратын қыздарымыз қазіргі таңда қандай қасиеттерімен танылуда? Бойжеткендеріміз арасында темекі шегуге әуестік көбейіп барады. Әп-әдемі сіңлілеріміздің аузынан темекі иісінің бұрқырап тұратыны үйреншікті болып кетті. Шетелге барып,оқып жатқан жастарымыздың да басым көпшілігі қыз балалар. Сол сіңлілеріміз ертең елге орала ма,әлде сол елдің ұрпағын өсіруге атсалысып, өзге елдің босағасында қалып қоя ма? Сол тарапынан, қазіргі уақытта некеге немқұрайлы қарау немесе «аралас неке» туралы жиі сөз қозғалуда. Қазақ қыздарының шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығуы белең алып кетті. Телеарналар мен ғаламтор беттерінен де осы жайтты көтерген бағдарлама, мақалаларды көзің шалып қалады. Бірақ, одан не қорытынды шығарып жатқан ешкім жоқ. Керісінше, «шетелдікке ұзатыпты» деп өз өзімізді әспеттеп, жарнамалаймыз.

Ал мәдени ошақтарымыз ше? Бір бірімен жарыса «ұлтаралық достықтың» алауын асқақтатып, небір фильмдерді өндіріп жатыр. Әрқайсында қазақ қызының тағдыры суреттелген. Бір фильмде орыстың, екіншісінде түріктің,тағы бірінде француздың етегінен ұстап кете барады. Қазақстанда қаншама ұлт өкілдері тұрады. Соған қарамастан, киносюжеттерде тағы да қазақ қыздары құрбан болады. Ал сол фильмдердің жастарға берер тәрбиелік мәнін ойланып көрдік пе?

Аралас неке ұлтымызға, ана тіліміздің, дініміздің, ұлтымыздыңболашағына кесірін тигізіп жатқаны жатқанын білсек те үндемей отырмыз.  Сонда қазақ қыздарын қазақ жігіттеріне қарамай шетелдіктерге әйел болуға итермелейтін не? Албырт жастық па, махаббат па, әлде еуропалық жоғары тұрмыстық жағдай ма? Қазiргi таңда жылына жүз мыңға жуық отбасы шаңырақ көтерсе, соның 25 пайызы аралас неке өкiлдерi екен. Қазақ қыздарының қалталы шетелдiктерге тұрмысқа шығуы қалыпты жағдайға айналып бара жатқаны өкінішті… Елінің іргесіне жау төнгенде намысты қолдан бермей, ерлермен бірге атқа қонған да сол қазақ қыздары емес пе еді…?

Қазақ халқы қан тазалығына қатаң қа­ра­ған халық десек те, ғасырлар желісінде ұлтаралық байланыстар некемен де астасып жатқанына тарих парақтары куә. рас, «ар жыртықтың оз жамауы бар», бүгінгі таңда аралас неке деп ашық айтып жүргенімізбен, әр қоғамдық кезеңде осы бір байланыс тұрын өзіндік бір әтәумен бүркемелеп келдік. жоңғар, моңғол шапқыншылықтары ұрпақ тазалығының бұзылуына едәуір ықпалын жүр­гізгенін білеміз. Бұл шақты «жәугер­шілік заман, «білектің күші мен найзаның үшімен» тұн қата ұрыс қылған заманға не кінә тақпақпыз, қыздарымыздың жат­жұрттық жаулардың жауырынының астында қалғаны да рас. Бірақ бастысы, ұлттық на­мысымыз жойылған жоқ» деп өзімізге жұ­бату айттық. алайда неке араластығы бұл шақпен толастап қалған жоқ. Сары баланың көзі қысыла түсіп, шәштің да алуан түсі айшықтала берді. 
Аралас некені ұлттар достығы деген әтәу­мен бүркемелеген кеңестік кезеңде де ұрпақ тазалығына аса мән берілген жоқ. Револютсядан кеиін атеизм ассимилятсяға алып келді. Аралас некеден туған ұрпақтар екі ұлттың салт-дастұрының қайсысына беиімделерін білмеи, біраз екіжақты күй кешкені рас. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, қан тазалығы тұра­қталуы қажет еді, күткеніміз әлі орындалған жоқ

Орталық неке сарайының мәліметтеріне сүйенсек, елімізде жыл сайын 100 мыңға тарта неке тіркелетін болса, соның 20 пайызы - аралас неке. оның басым бөлігі - қа­зақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуы...

Ұлт аралық  некенің салдары

Ислам ұлтқа бөлмейді
Бәрінен де, ұлтаралық некемен қатар, дінаралық отау иелерінің пайда болуы да қатты алаңдатып отыр. Діни тұрғыдан келер болсақ, ислам ұлтаралық некеге қарсы келмеиді «ислам діні мұсылмандарға, үйленуге тыиым салынған адамдар­дан тыс, мынадай үш әдәммен некеге тұрмауды үгіттеиді: олар - аллаһты мойындамайтын нанымсыздар, жаратушыға ортақ қосатын мүшіріктер және зинақорлар. аяттарда зинақор еркек пен зинақор әйел үйле­неді делінген. Құран олардың орнына иманды, тақуа және ізгі жандармен неке шартын жасауды ұсынады. Осы арада мән беретін мәселе, құран неке шартын жасау кезінде адамдарды ұлтқа, сыныптарға бөлмеиді және бұл мәселені әр жеке тұлғаның өзінің жеке мәселесі ретінде қарастырады» деиді дінтәнуші, дегенмен де қазыргы таңда діни сектанттардың өз үгітін еркін жүргізу мақсатында қазақ қыздарына үйленуі жиілеп кетті. Бұл тұрғыда салттардың да ассимиляйияға түсіп кету қаупы жоқ емес  мәселен,христиандық дін ұстанатын жігітке тұрмысқа шыққан қазақ  қызы   қайтыс болып жатса, марқұмды қай діннің салты бойынша жерлемек? Күйеу жағы өздеріне тартатыны рас, бірақ «бауыр етін» мұсылманша жерге бермеуге әке-шешесі қалай шыдамақ? Сол секілді қос ұлттағы әке-шешенің ұрпақтары не істеиді?

Бала санасы сарсаңға түседі
Психолог мамандардың зерттеуінше, аралас некеден туған балалар қазақтан гөрі өзге ұлт өкілінің қасиетын бойына көбірек сіңіреді екен. бұл қазақы ұлттық болмыстың сақталуы жөнінен халқымызға үлкен қауып төндірері, сөзсіз. Сондай-ақ мұндай балалар қазақ тіліне де шорқақ болып келеді екен. Та­ным-түйсігі екі бөлек жандардың некесінен туған ұрпақтың аруақыт бір қыспақтаді  «өйткені бала бойындағы қасиеттердың бәрі жүре қалыптаспайды, гендік тұрғыда туа пайда болатын қырлары да болады айталық, ұлтын сүю сезімі балаға ана сүтімен берілсе, әке қанымен ұлттық рух енетінін ғалымдар бұрыннан-ақ айтып жұр. Сонда бала әке тегімен рухтанып, анасының ұлтына махаб­батын арнамақ па? Мұны үл­кен қателік деп білу керек, сондай-ақ аралас некенің ұрпаққа тигізетін зянын балабақшадағы айқын көріністен-ақ көрсетіп берді: «қала­дағы балабақша тәрбиеленушілерін бүгінде үш топқа бөлуге болады. қазақтар, орыстар және былайша айтқанда, «будан» балалар.Аралас некеден туған ба­лалар екі жаққа да тартып тұрады, бір күні орыс балалармен ойнаса, келесі күні қазақ­пен дос болып жүр­генін көресіз».

 
Ad

Rate post

14

Comments

Login to comment