Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

45. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(7.01.1930, БҚО, Талап а/к Шотас е/м) 1944 жылы Талап жетіжылдық мектебін бітірген. 1944-1946 жж. «Жетекші» колхозының сиыр фермасында есепші, 1946-1950 жж. «Жетекші» колхозында есепшінің көмекшісі, 1950-1953 жж. Хабаровск қаласында Отан алдындағы борышын өтеді. 1953 ж. бастап Чапаев ауд. қаржы бөлімінде салық инспекторы, мемлекеттік кіріс инспекторының бастығы, аудандық қаржы бөлімнің орынбасары, 1975-1993 жж. Бөкей ордасы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, зейнеткерлікке шыққаннан кейін 1993-1996 жж. аға экономист болып осы мекемеде жұмыс істеген. Аудан бюджетінің экономикасын арттыруда облыстық атқару комитеті мен облыстық қаржы басқармасының алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған. «Қаржы ісінің үздігі» белгісінің иегері (1978 ж). Бірнеше рет аудандық кеңестің депутаты, аудандық партия комитеті тексеру комиссиясының мүшесі, аудандық атқару комитетінің мүшесі.

М.Темірбаевқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
161

Еще по теме

45. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz