44. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1932 ж.т., Бөкей ордасы ауд., Бисен а.) – еңбек ардагері. Қазақ КСР-ы халық ағарту ісінің озаты. Еңбек жолын 1950 ж. Жиекқұм, Большевик жетіжылдық мектептерінде мұғалім болып бастаған. 1957-1967 ж. Жәнібек ауданы ХІХ партсъезд атындағы сегізжылдық мектепте директор, 1967-1972 ж. Жәнібек аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, 1972-1983 ж. Бөкей Ордасы ауатком хатшысы, кейін ауатком төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
М.Сабировқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
