Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

42. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

Жергілікті медицина саласының ардагері,1950 жылы 17 ақпанда Орда ауданы, Лабай селолық кеңесінде дүние келген. Серік Нәсиұлы 1957 жылдың күзінде М.Мәметова атындағы орта мектебіне оқуға барып 1968 жылы мектепті тәмамдайды. Мектеп бітірген соң М.Маметова совхозында еңбекке араласады. 1969 жылдың мамыр айында Совет Армиясы

қатарына шақырылып 1971 жылдың мамыр айына дейін әскери борышын өтейді.Кейін Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын 1978 жылы емдеу ісі факультетін тәмамдап, Орал облыстық клиникалық ауруханасының хирургия бөлімінде интернатурадан өтеді.1979 жылы өзінің туып өскен қасиетті мекені – Бөкей ордасына келіп аудандық ауруханада еңбек жолын хирург болып бастайды. Серік Нәсиұлы зейнеткерлікке шыққанға дейін, қиын әрі күрделі мамандықты жауапкершілікпен, ыждағаттылықпен атқарып келді. Зейнеткерлікке шыққан соң жұмыстан қол үзбей күні бүгінге дейін ЛОР дәрігер болып еңбек етіп жүр.

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен «Бөкей ордасы ауданының Құрметті азаматы» берілді. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін 2010 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен,«Бөкей ордасына –210 жыл мерекелік» белгісімен марапатталды.

С.Нүркеновке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
174

Еще по теме

42. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz