Қаратау арқарының саны 300-ге жеткен

1201
0
0
0

“24kz” ТА Оңтүстік Қазақстан облысында қызыл кітапқа енгізілген Қаратау арқары көбейе бастады. Олар мекендейтін тау жоталарында әлемде өте сирек кездесетін дәрілік қасиеті мол өсімдіктер де өседі...

“24kz” ТА Оңтүстік Қазақстан облысында қызыл кітапқа енгізілген Қаратау арқары көбейе бастады.
Олар мекендейтін тау жоталарында әлемде өте сирек кездесетін дәрілік қасиеті мол өсімдіктер де өседі. «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығында бас қосқан еліміздің орманшылары мен ғылыми қызметкерлері эндемдік өсімдіктер мен жануалар әлемін молайту жайын талқылады.
Тарихта Хан тағы атауымен белгілі жотаға біздің түсіру тобымызды бастап шыққан қорықшы Айдос Әлшериев үшін Қаратаудың әрбір тасы қымбат. Өйткені оның балалық шағы осы жерлермен астасып жатыр. Соңғы жылдары қорық аумағында аң-құстың саны артқан. Оған сұғанақтыққа тосқауыл қою арқылы қол жеткізгендігін айтады.
Айдос Әлшериев, Табиғи кешендер мен нысандарды күзету қызметі бөлімінің басшысы:
- Көктемгі санақта 300 басқа жеткен. Әлі алдымызда төл күтіп отырмыз, құдай қаласа, нақты саны күзгі санақта белгілі болады. Қалың қыста бұларға биотехнологиялық іс-шара бойынша тұз себіледі, жем-шөп шашылады. Қосымша күзеттің арқасында таудың арқары қазір көзге көрінеді.
Қорықты мекендеген жануарлар мен өсімдіктер дүниесін түгендеп, зерттеу мақсатында арнайы ғылыми-танымдық кешен құрылған. Онда табиғат сақшылары еліміздегі зоология, ботаника институты және жас ғалымдармен бірлесіп жұмыс атқарады. Саяхатшыларға арнайы танымдық туристік бағыт та қарастырылған.
Үсен Жапаров, нұсқаушы:
- Ғылымдық таным кешенінен Хан тағы тауына дейін жаяу және атты серуен жолға қойылған. Ашылғалы бері қаншама сала жұмыс істеп, талды көбейтіп, табиғатты сүюге, экологияны жаңартуға атсалысып келеміз.
Қаратау тәжіне баланған Кентау қаласында бас қосқан еліміздің орман қорықшылары табиғат байлығын молайтып, оны болашаққа жеткізу жайын жан-жақты талқылады. Қаратау бөктерінде құстың 118-ден астам түрі тұрақты мекендейді. Оның 12-сі Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Бұл аумақта өсімдіктің 700 ден астам түрі өседі. Ал оның 40-қа жуығы дәрілік шөп.
Жасар Әділбаев, «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығының директоры:
- Эндем – белгілі бір жерде өсетін өсімдіктердің түрі. «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында ғана өсетін шөптер бар. Алғашқыда осындай өсімдіктің 86 түрі бар болса, қазір оны 88-ге жеткіздік. Бұл – біздің 10 жыл ішіндегі жеткен жетістіктеріміздің бірі.
34 мыңнан астам гектар аумақты алып жатқан табиғи қорықта жыл санап аң-құстың саны артқан, сондықтан мамандар болашақта оның жер көлемін көбейтуді көздеп отыр.
Авторлар: Қанат Жүнісбеков, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-46/

Ad

Rate post

0

Comments

Login to comment