Ою таңбалы өрнек

МК РК 2014 M02 25
304
0
0
0

Егемен Қазақстан, 25.02.2014 Елордада «Шежiре» қазір­гі за­ман­ғы өнер галерея­сында белгілі сурет­ші Бақ­ты­бек Тал­қамбаевтың шығар­машылығына арналған «Мәңгілік Ел» атты көрмесі ашылды. Көрме...

Егемен Қазақстан, 25.02.2014

Елордада «Шежiре» қазір­гі за­ман­ғы өнер галерея­сында белгілі сурет­ші Бақ­ты­бек Тал­қамбаевтың шығар­машылығына арналған «Мәңгілік Ел» атты көрмесі ашылды. Көрме Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ел халқына Жолдауында айтқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдайды.

– Мемлекет басшысының ұлттық идеясы бізді рухани талпынысқа, шығармашылық ізденістерге ынталандырады. Соның дәлелі осы өнерге арналған көрме, – дейді бұл шараның басында жүрген Роза Жүсіпова.

Суретшінің кескіндемеле­рінен таби­ғаттың сан түрлі көрінісіне көз салсақ, ою-таң­балы еңбектерінде бояуды құбылтып отырады. Оюлы өнер, оның табиғатпен, ғарышпен, тарихпен байланысын ашып тұр­­ғандай. Ұлттың мәдени ділі­нің құ­пиясына тереңдеп барып, иірім­дерін құбылтып жібереді.

– Елбасының Жолдауындағы соны тұжырым бізді, әсі­ресе, өнер адамдарын қанаттан­дыруда. Менің шығар­машы­лығымның астарында негізінен ұлт болмысы көрініс тауып отырады. Содан да шығар, шетел­дік көрермендер әр суре­тімді жылы қабылдап, ха­лық­тық бояуға ризалық­тарын білдіріп жатады. Әсіресе, ою таңбалы өрнектерге ілтипаттары ерекше ауады. Өткен мен бүгінгіні ұштастыра отырып ұлтымыздың озық үлгісін өз еңбектерімде жаң­ғыртып, кейінгіге жеткізсем деген ниеттемін, – дейді сурет­ші Бақтыбек Талқамбаев.

Шы­ғармашылық басқосуда өнер­танушы Ермек Асылханов пен ғалым Ерболат Дәленов сурет­ші туындыларына жылы лебіздерін білдірді.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан»

 

Оцените пост

0
Дальше