4. ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА
Жастар – біздің болашағымыз. Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс.
Жаңаөзен қаласында жастардың табысты әлеуметтенуі, оның әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Жастарды және олардың бастамаларын жан-жақты қолдау, рухани, мәдени, білім беру, кәсіби дағдыларды дамыту үшін Жастар ресурстық орталығының қабырғасында Коворкинг – орталығын құру жоспарлануда.
«Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдауды күшейтетін болады.
Ол үшін біз:
- «Жасыл Ел» жазғы еңбек жасақтарын ұйымдастыру және «тәуекел аймағынан» жастарды тарту арқылы жыл сайын 250 жастарды жұмысқа орналастыруға;
- Жастар шығармашылығын дамыту мақсатында, дарынды жастарды танымал ету, Ресурстық орталық базасында «Жастар театрын» құру және театрға 250-ден астам жас таланттарды тартуға;
- Жастарға патриоттық тәрбие беру, басқа өңірлердегі жастарға тәжірибе алмасу мақсатында 2021 жылға қарай «Жазғы саяси лагерь» жобасын (100 жастарды қамту) іске асыруға;
- 2021 жылға қарай Жаңаөзен қаласында кітапханасы бар Оқушылар (жастар) сарайының құрылысын салуға;
- Жұмыссыз жастардың өз ісін ашуына және бизнес дамыту үшін қайтарымсыз гранттар беру мәселесін қарастыруды;
- Жұмыссыз жастарды, арнайы және жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді жастар практикасына жолдау арқылы алты айлық жұмысы аяқталғаннан кейін, әрі қарай сол жұмыс орынға тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыруға;
- Арнайы оқу орындарындағы модульдік оқу үрдісін дамыту бағытында білім алушыларды өндірістік тәжірибе алуға тығыз байланыс орнатуға;
- КВИ таралуын болдырмауға және карантин кезінде жастардың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға бағытталған жаңа онлайн-волонтерлік бағдарламаларды енгізілуңіне ықпал етеді.
Аталған іс-шаралар жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына және бизнеспен айналысуына мүмкіндік береді.
#nurotan #nurotanmangystau #nurotanzhanaozen
