4. ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА
Жастар – біздің болашағымыз. Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс.
Ақтау қаласында 38 мыңнан астам жастар өмір сүреді немесе халықтың жалпы санының 19,7% құрайды.
Жастардың табысты қалыптасуы үшін барлық қажетті жағдайлар бар – білім алушылар саны жыл сайын өсіп келе жатқан колледждердің жеткілікті желісі.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп жастардың жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыдан өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифттер құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, жұмысқа орналасу және білім беруге аса назар аударылатын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
➢ 2025 жылға қарай шамамен 8 мың жастарды жұмысқа орналастыруға (жыл сайын 1,6 мың адамнан);
➢ 2025 жылға карай студенттер үшін 17 шағын ауданынан 500 орындық жатақхана салуға;
➢ 17-ші шағын ауданынан Оқушылар сарайын салуға;
➢ Жастардың денсаулығын алдын алу үшін 2-ден кем емес жастар орталықтарын ашуға (№1 және № 2 Ақтау қалалық емханалары);
➢ «Жасыл ел» еңбек отрядтарын ұйымдастыру жолымен жазғы кезеңде кемінде 300 адамды жыл сайын жұмысқа орналастыруға;
➢ Дене шынықтыру және спортпен айналысатын жастарды 22%-дан 25%-ға дейін қамтуды ұлғайтуға;
➢ Өз ісін ашуға несие алуға және бизнесті жүргізуге жылына 10-нан кем емес жобаға қолдау көрсетуге;
➢ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті аумағында жастарға арналған парк құруға қол жеткізеді.
Бұл шаралар жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 4,5-тен 4,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
