4 ЖАҢА АУРУХАНА САЛЫНЫП, 50 МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕРГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні Ақжайық аудандық аурухана қызметкерлерімен облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер - Мирболат Құрманғалиев пен Ақылбек Сағитов кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы және ондағы медицина саласында орын алатын оң өзгерістер туралы соның ішінде, партияның қатысуымен өңірде 4 жаңа аурухана салып, 50 денсаулық сақтау кешендеріне қайта жөндеу құрылыстарының басталатындығы туралы айтылды.

Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясы өкілдері бұған дейін де аудан аумағындағы өңірлердің бәрін аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап қайтқан еді. Соның нәтижесінде партияның сайлауалды бағдарламасы әзірленді. Кездесуге қатысқан ақ халаттыларға аталған бағдарлама аясында Ақжайық ауданында атқарылатын оң өзгерістер туралы да айтылды.
Үміткерлер қәзіргі пандемия кезінде талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып келген дәрігерлерге алғыстарын білдірді.
