Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

4. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(12.10.1901 жылы туған, Орал облысына қарасты Орда ауданы Қартақай - 1979, Алматы қ) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері.

Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты (1947), Қаз КСР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1970). 1919 жылдан КОКП мүшесі. 1918 жылы Қызыл Армия қатарына өз еркімен кіріп, ақ гвардияшылдармен күреске қатысқан. Саратовтың мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1930). 1919-1932 жылдары Тарғын уездік Одағының төрағасы, Бөкей гуернаторлық парткомының бқлім меңгерушісі, Жымпиты укомының 1-хатшысы, БК(б)П Орал губернаторлық Бақылау комиссиясының төрағасы, Бөкей губернаторлық жер басқармасы бастығы, Қаз. КСР Жер халық комиссариатында бөлім бастығы. Марапаттары: Қазан Революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту белгілерімен марапатталды.

1932-1937 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық институның ректоры, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылым академиясының Қазақ филиалы Президиуымының төрағасы, Қаз КСР мемлекеттік жоспарлау комиссиясы төрағасының орынбасары. 1953 жылдын Қазақтың ауыл шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі. Ол – Одақтардың Бүкіл ресейлік 7-съезінің, Қазақстан одақтарының 5, 9 және төтенше 10-съезінің, Қазақстан компартиясының 4-съезінің делегаты. 1925 – 1935 жылдары Қаз ССР ОАК-ның мүшелігне сайланды. 1973 жылдан одақтық дәрежедегі дербес пенсионер

Х.Чуринге 75 жасқа толуына орай Еңбекшілер депутаттары аудандық Совет атқару комитетінің 1976 жылғы 12 наурыздағы шешімі бойынша "Құрметті азамат" атағы берілген.

Сайқын ауылында Х.Чурин атымен көше бар.

0
0
261

Еще по теме