Өзара сенім: Пекинде қазақстандық әскери сарапшылар Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты

МО РК December 24, 2013
259
0
0
0

Пекинде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы және Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы «Шанхай» және...

Пекинде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы және Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы «Шанхай» және «Мәскеу» келісімдерін орындау жөніндегі Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты.

Осы халықаралық кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай әскери-дипломатиялық өкілдері қатысты.

Тараптар «Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдері ережелерін орындау барысын, 2013 жылғы инспекциялық қызметтің қорытындысын талдады. Сондай-ақ 2014 жылға арналған инспекциялық қызмет жоспары келісіліп, бекітілді, Келісімдерге қатысушы мемлекеттер арасындағы ақпараттық байланыс желісінің жұмысы мәселелері, Тараптардың инспекциялық топтарына арналған кіру және шығу шекара пункттерінің тізбесі қаралды.

Сессия қорытындысы бойынша екі Келісімнің ережелерін бұзудың анықталмағаны расталды. Тараптардың делегациялары 29-шы сессия аяқталған соң, 2014 жылғы Бірлескен бақылау тобына бір жыл мерзіміндегі төрағалық ету Қазақстан Республикасына көшетіндігі туралы уағдаласты. Алдымыздағы 30-шы сессия Қазақстан Республикасының аумағында өтеді. Келесі жылы Келісімдер қолданылатын 100 шақырымдық аймақта Бірлескен Тарап пен Қытай Халық Республикасы арасында өзара төрт инспекция өткізу жоспарлануда. Тараптардың әскери-дипломатиялық өкілдерінің қатысуымен Келісімдерді орындау тәжірибесімен алмасу жөніндегі кезекті 7-ші семинарды Астана қаласында 2014 жылдың көктемінде өткізу жоспарланған.

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы «Шанхай» Келісіміне 1996 жылғы 26 сәуірде қол қойылған.
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы «Мәскеу» Келісімі 1997 жылғы 24 ақпанда жасалған.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0