Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

№37 ЖББОМ кездесу

2015 жылдың 30 қазан күні Орал қаласының №37 орта жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Б.Хайруллиннің қатысуымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында кездесу болды.

Алғы сөзінде мектеп директоры Т.Мурадимова қатысушыларды құқықбұзушылықтың алдын-алу және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне нөлдік төзімділік қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Іс-шара барысында мектеп ұстаздары «құқықбұзушылық», «заң нормалары», «сыбайлас жемқорлық» және тағы сол сияқты түсініктерге анықтама берді. Сонымен қатар, тәрбие жұмысының маңыздылығына тоқталды. Өйткені оның нәтижесінде нәтижесінде жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жаман мінезден аулақ болу, заңдарды құрметтеу күтіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаты мен міндеттері туралы баяндап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шарада тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

 

 
0
0
523

Еще по теме

№37 ЖББОМ кездесу - Yvision.kz