36. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(15.05.1929 жылы Орда ауданының Ноғайбай кеңесінде дүниеге келген.) 1944-1950 жылдары «Ортақшыл» колхозында колхозшы, 1950-1953 жылдары КА. 1953-1955 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Ворошилов атындағы колхозда. 1957-1992 жылдары М.Мәметова атындағы кеңшарда ферма меңгерушісі, аудандық «Союзпечать» тұрмыстық қамту комбинаты мекемелерінің бастығы, аудандық мал бордақылау пунктінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1989 жылдан зейнеткер. «Еңбек ардагері» медалімен, бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.
Қ.Қарағойшинге Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
