место в рейтинге
  • 771006
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақтың бағына біткен Байсейітов

 

Өміріме оң өзгеріс әкелген 1998 жылды ұмытпаймын. Өйткені, Швецияда өткен әлем чемпионатында кубалық қарсыласымды алып ұрып, 76 келіде чемпион атандым. Қазағымның көк байрағын желбіретіп, Әнұранын шырқатқан сол сәт мәңгі есімде. Ол – менің ең бақытты кезім.

Олимпиада бағдарламасына енген күрес түрлерінің тарихына зер салсақ, қазақ балуандары арасынан небәры бес әлем чемпионы шыққанын білеміз.

Олар – Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов және Бақтияр Байсейітов. Бүгінгі әңгімеміз осы Бақтияр жайында болмақ.

Бақтияр Бағашарұлы Байсейітов

КСРО Халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (Запорожье, 1991);

Грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (Хиросима, 1993; Гуанчжоу, 1996)

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995);

Азия ойындарының (Бангкок, 1998) чемпионы;

Азия және Тынық мұхиты елдері чемпионатының жеңімпазы (Бангкок, 1997);

Грек-рим күресінен әлем  чемпионы (Евле, 1998);

Азия чемпионатының жеңімпазы (Филиппин, 1995; Сеул, 2000)

КСРО-ның спорт шебері (1989)

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1995).

Жыл спортшысы (1998)

ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне орай ҚР Президентінің құрмет грамотасымен (2001) марапатталған. «Дарын» жас­тар сыйлығыныңлауреаты (1999).

2010 жылдан бері грек-рим ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы.

Бақтияр 1971 жылы 29 қыркүйекте Алматы облысы, Жамбыл ауданы Фабричный кентінде дүниеге келген. Әкесі Бағашар Байсейітов ауыл шаруашылығы институтында білім алған. Кезінде Қарасай ауданының Қайнар деген ауылында инженер-механик болып қызмет атқарыпты. Анасы Людмила Яковлевна Талдықорған облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылының тумасы.

Сол уақытта «Қарғалы» шұға комбинатына жас мамандарды жұмысқа ала бастайды. Жас мамандармен қатар  Бақтиярдың анасы да 1963 жылы осы комбинатқа тігінші болып жұмысқа орналасқан. Оларға арнайы жатақхана беріліп, сол жерде қызмет жолына кіріседі. Анасы үйінің тұңғышы болатын, одан кейін 5 сіңлісі мен 1 інісі бар-тын. Сол ауылда 1966 жылы кәріс қызы қазақтыңБағашар атты жігітімен қөңіл қосып, шаңырақ көтереді.

Алғашында Бағашардың анасы жалғыз ұлының өзге ұлт өкілінің қызымен шаңырақ көтеруіне үрке қарайды. Дегенмен де, алғашында қазақша білмейтін Людмила Яковлевна енесінің айтуымен тілді де тез меңгеріп, әулеттіңшаңырағын биікке көтеріп, ағайын-туыстың арасындағы сыйластықтың жібек жібін жалғайды. Светлана атты тұңғыштарынан кейін Руслан, Бақтияр аттыұлдары дүниеге келеді.

Бақтияр өзінің ағасы Русланға еліктеп өсті. Мектептегі сабақ үлгерімі жоғары болмаса да, география пәнін қатты қызығушылықпен оқитын. Сонымен қатар, дене шынықтыру сабағында алдына жан салмайтын. «Руслан мен Бақтиярдыңкішкентай кездерінен бастап достары өте көп болатын. Ойнап жүріп, топырлапүйге келеді де,  бәрі бірге тамақтанатын. Одан қалды, үйде өзара күресіп, асыр салатын» деп еске алады анасы – Люда әжей.

Бақтиярдың  спортқа деген ынтасы осылай оянады. Оның алғаш спортқа бет бұрып, спорт мектебіне оқуға келуіне ағасы Руслан себепші болды. Ағасы оқып жүрген мектепке барып, күрес үйірмесіне жазылу Бақтиярдың ізгі арманы еді. Арманын орындау мақсатында әкесімен келісіп, батасын алған Бақтияр 6-ы сыныпта Алматыдағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінеқабылданады.  Алайда, күрес үйірмесінде орын қалмаған соң, конькеге жазылуға мәжбүр болады.

Конькишілерді дайындайтын үйірмеде Бақтияр бір жылдай жаттығады. Бірақ, сол кездің өзінде бала Бақтияр интернат бөлмесінде қатарластарымен белдесіп,өзінен үлкендерді алып ұрып жүретін. Күнде таңғы сағат 6-да тұрып, Медеу мұз айдынына барып жаттығатын ол сол уақытта ұйықтап жататын күрес үйірмесініңбалаларына қатты қызыға қарайтын. Себебі, күреске қатысатын балалар таңғы 8-де тұратын еді. Күреске деген қызығушылығы басылмаған Бақтияр арағаәкесін салып,  грек-рим күресі үйірмесіне ауысады.

«Жігітке өнер серік» деп әкем үнемі айтып отыратын. Содан болар, белдесіп,қарсыласымнан әдіс-айланы асыруға талпындым. Өз салмағымда түрлі сайыстырға қатыстым. Тәжірибе жинақтадым, кәсіби шеберлігімді шыңдадым десем де болады», — дейді Бақтияр өз сөзінде.

1993 жылы спорт мектебін аяқтаған соң ол әскери борышын өтеуге аттанады. Одан кейін Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясына оқуға түседі.

«Өміріме оң өзгеріс әкелген 1998 жылды ұмытпаймын. Өйткені, Швецияда өткенәлем чемпионатында  кубалық қарсыласымды алып ұрып, 76 келіде чемпион атандым. Қазағымның көк байрағын желбіретіп, Әнұранын шырқатқан сол сәт мәңгі есімде. Ол – менің ең бақытты кезім» деп еске алады балуан. «Сол жылы Бангкок қаласындағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атандым. Соныменқатар, «Дарын» жастар сыйлығын иеленген 1999 жыл да тағдырымның жарқын беттері. Қазір жастарға тәлімгер ретінде ізбасарларымды дайындау үстіндемін», – дейді жеңімпаз жігіт ағасы.

Бақтияр бүгінде Маржан есімді жұбайымен үш бала тәрбиелеп отыр. Тұңғыштары – 1994 жылы туған  Санжар. Алматыда жоғарғы оқу орындарыныңбірінде ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алуда. Әке жолын қуып, ол да грек-рим күресімен айналысады. Бүгінде спорт шеберінің нормативтерін орындаған. Жақында Қызылордада өткен Ж.Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған грек-рим күресінен республикалық турнирде 84 келі салмақ дәрежесінде бас жүлдені иеленді. Одан кейінгісі 1996 жылы туған – Сәлім. Ол да спорттан алшақемес, бокс үйірмесіне қатысады. Кенжесі Інжу – 9 жаста. Інжу гандбол үйірмесінеқатысады. Ағалары орыс мектебінде оқыса, Інжу тек қазақша сөйлеп, қазақмектебінде білім алып жатыр.

Әкесінің дүниеден озғанына 20 жылға таяу уақыт болса да, қара шаңырақтыңтүтінін түтетіп отырған анасы – Людмила әжей тұратын Қайнар ауылына барып, демалып, таза ауамен тыныстағанды ұнатады екен. Әкесі Бағашар Жылқайдарұлы жүрек ауруынан қырық бес жасында дүниеден озған. Оныңарманы бауыр еті баласы Бақтиярдың чемпион болғанын көру еді. Бірақ, амалқанша. Жазмыштан озмыш жоқ, ол күнге жете алмай кетті. Дегенмен, Бақтиярәке арманын орындады…

Қазіргі таңда Светлана әпкесі мен  Нұрлан жездесі екі бала тәрбиелеп өсіруде. Темірлан атты жиендері Алматы қаласындағы кеден ісі саласында қызмет атқарады. Ал Еркебұлан 3-сынып оқушысы. Олар соңғы екі жылдан бері отбасымен жұмыс бабы бойынша Сауд Арабиясында тұрып жатыр.

Бес жыл бұрын марқұм болып кеткен ағасы Русланның жұбайы Наташа келін де сол ауылда тұрады. «Қашанда қолынан келген көмегін аямай, жанашырлықтанытып, сыйлап жүретін жақсы көретін келінім» деп ағынан жарылды Людмилаәжей. Русланның артында қалған Ескендір атты ұлы бар. Құқық мамандығы бойынша білім алған. Ол да Алматыда қызмет істейді.


 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
10 июня 2013, 11:43
524

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8007
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5397
  • 22
Молчание Бозумбаева. Как «бензиновые короли» диктуют государству свои правила игры

Молчание Бозумбаева. Как «бензиновые короли» диктуют государству свои правила игры

Произошедшая в сентябре одновременная остановка двух казахстанских НПЗ из трёх и последовавший за этим топливный кризис – это для Казахстана уже не ново. История повторяется каждый год.
openqazaqstan
11 окт. 2017 / 16:32
  • 4285
  • 44
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 2932
  • 11
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 2802
  • 12
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 2971
  • 20
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
вчера / 11:32
  • 2044
  • 24
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15