«Барселона» жаттықтырушылары қазақстандық оқушыларға шеберлік-сабақтарын өткізеді

Kazsport agent 2013 M05 14
192
0
0
0

    Испан футбол клубының ең мықты жаттықтырушылары екі апта бойы қазақстандық жас футболшыларға сабақ береді, деп хабарлайды жобаның ұйымдастырушылары. «2013 жылдың 30-шы маусымы мен 13-ші шілдесі...

   

Испан футбол клубының ең мықты жаттықтырушылары екі апта бойы қазақстандық жас футболшыларға сабақ береді, деп хабарлайды жобаның ұйымдастырушылары.

«2013 жылдың 30-шы маусымы мен 13-ші шілдесі аралығында «Астана-Арена» стадионында елімізде теңдесі жоқ шара өтеді»,-деп жазылған хабарламада.

Біздің елімізде алғаш рет испандық «Барселона» клубының жаттықтырушылары 9-11 жас аралығындағы спорт мектептерінің оқушылары үшін екі апталық шеберлік сабақтарын өткізеді. Жаттығуға қатысу тегін.

Шараны «Назарбаев –Орталық» ММ, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен «Қазақстанның спорттық технологиялар» ЖШС ұйымдастырады.

 

Оцените пост

0