35. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1938 ж. Қазталов ауд.). 1956 жылы орта мектепті бітірген. 1961 жылы Мәскеу қаласындағы Академик К.И.Крябин атындағы малдәрігерлік академияны тәмамдаған. 1961-1972 жылдары Қазталов ауданы, «Қазталов» және «Қошанкөл» совхоздарында бас зоотехник, 1972-1987 жылдары Орда ауданы Искра совхозында директор жұмыстарын атқарған. 1987-1996 жылдары Жаңақала ауданы, Жаңаталап кеңшарында зоотехник-селекционер жұмыстарын атқарған. 1996 жылдан зейнеткер, облыстық АШМ аумақтық инспектор, ардагерлер кеңесінің төрағасы. Еңбек Қызыл Ту ордені мен бірнеше медальмен марапатталған.
М.Қазихановқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
