Yvision.kzYvision.kz
kk
SmartShow
SmartShow
207 постов0 подписчиков
SmartShow.kz - казахстанский портал о мобильных технологиях и гаджетах.
4
17:00, 22 апреля 2013

Бюджеттік Awei құлаққаптарына шолу

Қазір сапалы дауыстың артынан қуып келе жатқандар көп. Бірі қымбат, бірі құлаққа өте зиян деп жатады. Мен өзім бір емес, бірнеше құлаққап ауыстырып шықтым. Біреуін аласың, ертесінде бұзылып қалады, немесе бір сағат тыңдағаннан кейін басың ауыра бастайды, ал кейбіреуі тіптім ыңғайсыз. Біраз іздеуден соң қымбат емес құлаққаптарға жолықтым. Бүгін Awei өндірушісі ұсынған бір емес 3 құлаққапты сынға қойып, "бағасы сапасына лайық па, әлде өте үнемді алынған құлаққап па?" - деген сұраққа жауап беруге тырысамын.

Айтпақшы, құлаққаптардың қорабынан ашылуы жайлы бейнені осыған дейін редакторымыз Рустам көрсетіп кеткен болатын. Оны көру үшін мына сілтеме арқылы өтсеңіз болады: Распаковка наушников Awei.

 

Blog post image

Бұл шолуды әдеттегідей емес, сәл басқалай жасап көрейін деп шештім. Осыған орай шолу процесінде, әуен меломаны, Бақдәудеттің үйіне баруға бел будым. Себебі Бақдәулет күні-түні әуендер тыңдауды өте жақсы көреді, және де меломан. Шолу жүзінде құлаққаптардың барлық түрін бір бірімен салыстырып шықтық. Сонымен қоса 2 түрлі әуен көзімен тексеріп шықтық:

1) iPod nano 6

2) Samsung Galaxy Note II

 

Бақдәулет Бекжанов

Blog post image

 

Awei компаниясының үш құлаққаптарының атап өтетін болсақ, олар мынадай:

1) ES300M  - бағасы 990 теңгеден бастап

2) ES400I - бағасы 1530 теңгеден бастап

3) S90vi - бағасы 1990 теңгеден бастап

 

1) Алғашқы болып, арасындағы ең арзаны - Awei ES300M атты моделі сынауға алдық.

Қорабы және сыртқы келбеті

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Қорабында, құлаққаптан бөлек, 2 жұп қосымша жастықшалары, кішігірім құжат және киім немесе басқа да жерлерге қыстырып қойуға арналған қыстырғыш бар. Қорабының дизайны өте әдемі жасалынған, бірақ бізге маңыздысы дизайн емес, дауыс жағы. Құлақшын материалы пластик. Құлаққап бауы жалпақ қылып жасалынған, бұл құлаққаптың оралып шатасып қалуына жол бермейді.

 

Дауысы

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Бақдаулеттің айтуы бойынша: "Ең бірінші көзге түскені - түсі. Түсі өте әдемі және салмағы жеп жеңіл. Басқа құлақшындар арасында құлақта өте ыңғйлы тұрады және ауыртпайды. Мысалға, Samsung смартфондарының құлаққаптарымен 1 сағаттан артық тыңдау мүмкін емес, басты және құлақты ауыртады. Дауысы жағынан айту қиын, айырмашылық оңайлықпен байқалмайды. Меніңше дауыс өте жақсы деңгейде шығып тұр. Және екі өнімде де дауыс бірдей."

Өзімнің пікірімді айтатын болсам, Бақдәулетпен толық келісемін. Салмақтың жеңілдігі спортпен айналысатын адамдарға және көп қозғалыста болатындарға өте ыңғайлы. Ал құлақ ішінде ыңғайлы тұрғанына байланысты ұзақ уақытқа дейін тағып жүре бере аласыз. Салмағының жеңілдігіне материалын пластик қылу арқылы жетіп отыр.

Кемшіліктері

Жоғарғы жиілікті ойнату кезінде әлсіздігін танытты. Алайда өз бағасына әлдеқайда жоғары деңгейде жауап беріп тұр.

 

2) Келесі кезекте Awei ES400I моделі

Сыртқы келбеті және жинақтамасы

Blog post image

Blog post image

Қорабының дизайнына қарап арзан құлаққап деп айта алмайсың. Қорабының дизайны жақсы жасалған.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Көзді қызықтыратын дизайны және қызыл түсі.

Құрамында бірнеше қызықты қосымшалар бар. Біріншісі - құлаққапты салып жүргенге арналған қорап, екіншісі - қыстырғыш (Awei құлаққаптарының барлығында бар болуы керек), ал үшіншісі телефонмен сөйлесуге арналған микрофон. Жинақтамада  қосымша жастықшалар бар. Бауы алдыңғы өнімдікіндей жалпақ болып жасалынған. Құлаққап түптері металлдан жасалынып біраз салмақ қосып тұр. Бұл бірден артықшылығы және кемшілігі. Артықшылығы - сапасы жақсы болады, ал кемшілігі - салмағының ауырлығы.

 

Blog post image

Бақдәулеттің пікіріне тоқталатын болсақ: "Бірінші орында дизайны көзге түсті, әсіресе қызыл түсі және құлаққаптың өрнектері. Металл құлаққапқа біраз салмақ қосып тұрған секілді. Және де бір ұнаған қосымшасы - микрофоны. Микрофон тексеру кезінле өзінің сапасын өте жоғарыда тұрғанын көрсетті. Ал дауыс сапасында айырмашылық байқалмайды."

Кемшіліктері

Мен үшін кемшіліктерінің бірі - салмағы. Себебі мен құлақта жеңіл тұрғанды ұнататын адаммын. Көп қозғалыста және жаттығу кезінде ыңғайсыздау. Алайда бұл тек менің пікірім бойынша. Басқа жағынан тек қана "өте жақсы" деген баға берер едім!

 

3) Үшінші және соңғы құлаққап - Awei S90vi моделі

Сыртқы келбеті және жинақтамасы

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Қорабы, Awei құлаққаптарының барлығы секілді, өте кермет жасалынған! Жинақтамасы алдыңғы нұсқаға ұқсас: Жасанды былғарыдан жасалынған қорапша, қосымша жастықшалар, жастықшалар бұл жерде 2 жұп емес, 4 жұп, түрлі түсті жастықшалардан бөлек, ішінде тағы стандартты, қара түсті тағы 2 жұп бар.

 

Blog post image

Басты айырмашылығы - басқару пультінде және бауының жарты бетінің қара түсінде. Пульт, біраз жұмысты оңайлатады. Мысалға, әуен дауысын басқару, әуенді тоқтату немесе басқа әуенге ауыстыру деген секілділер.

 

Blog post image

Blog post image

Бақдаулеттің ойынша, құлаққап өте керемет! Дауысы деген алдыңғылармен салыстырғанда жақсырақ, тұнығырақ және жоғарғы жиіліктегі әндерді жақсы ойнатады. "Ал дизайны жағынана Monster Beats өнімдеріне қатты ұқсатқысы келген. Қызыл түс және ұқсас дизайн дәл осы ойға алып келіп тұр" - дейді Бақдаулет.

 

Үкім

Бүгін студиямыздың қонағы болған Awei компаниясының 3 құлаққаптарына шолу міне осылай. Біз тек өз ойымызды айтып шықтық, таңдау өздеріңізден. Таңдау тізімі өте үлкен, осыдан басқа Awei құлаққаптарының тағыда бірнеше түрі бар, сапалары жағынан бір-бірінен алыс емес, тек қана сыртқы келбеті өзгеше болып келеді.

 

"Қытай өнімдері нашар деген дай ғана стереотип. Аспан асты елі өнімдерді бәсекелестерден мүлде кем жасамайды. Спалары, дауысы жағынан еш қалып тұрған жоқ. Өзіме қатты ұнады, алуға болады деген кеңес беремін" - деп Бақдаулет өзінің үкімін шығарды.

Осы өнімдердің ішінен өзіме ES300M моделін таңдап алдым. Себебі, бағасы арзан, сапасы жаман емес және салмағы өте жеңіл. Салмақ мен үшін өте маңызды, себебі спортпен айналысқан уақытта кедергі жасамай, керісінше өзінен ләззәт алуға көмегін тигізеді.

 

- Алуға болады ма?

- Әрине! Бағасы сапасымен салыстырғанда өте жақсы қатынаста!

 

Құлаққаптар Awei өнімдерінің ресми дистрибьюторы, Mac'di Distribution компаниясымен ұсынылған.

(c) Alisher Toiguliyev, @toiguliyev

4
1829
2