• 21985
  • 3
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстандықтар депутаттарды көп біле бермейді және ел аузында жүрген тұлғаларға сенім артады

Тұрғындар арасындағы айрықша танымал саясаткерлер: Назарбаев, Мәсімов, Тасмағамбетов, Қасымов

МеdiaNet Халықаралық журналистика орталығының жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросының кезекті сауалнама осындай нәтижелер көрсетті.

Респонденттерге сауалнама аясында 4 сұрақ қойылды:
-Қазақстандық депутаттар (Парламент мүшелері) ішінде Сіз кімді айрықша танымал деп есептейсіз?
-Қазақстандық депутаттардан кімге Сіз сенім артасыз?
-Қазақстандық саясаткерлерден (шенеунік болуы міндетті емес) кімді СІз аса танымал деп есептейсіз?
-Қазақстандық саясаткерлердің ішінен Сіз кімге көбірек сенім артасыз?

Сауалнама тұрғындардың Парламент депутаттары жайлы хабардарлығының өте төмен екендігін көрсетті. Қазақстандықтар өздерінің сайлаған тұлғаларын өте нашар біледі, биліктің басқа саласындағы өкілдермен жиі шатастырады. Мысалы, аса танымал «депутаттар» қатарына Президент Администрациясының жетекшісі Кәрім Мәсімов (8,1% - жалпы нәтиже), Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов (5,4%), Министрлер кабинетінің жетекшісі Серік Ахметов (2,1%), тіпті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (2,7%) кірді.

Есте қалатыны, тұрғындар аса танымал депутат ретінде сенатор Ғани Қасымовты да атады (17,5%).

Кеденнің бұрынғы басшысы 1999 жылғы сайлауалды кампаниясындағы эпатажды түрде жарқ етіп шығып, сынған стакандар мен ваза лақтырғандағы жарқын жүзі 13 жыл өтсе де халық жадында сақталып қалыпты. Бұл фактінің Қазақстанның саяси алаңындағы мінезді, ерекше фигураларға біршама дефицитті көрсетуі әбден мүмкін. Ғани Қасымовтың соңғы электоральды кампаниясы есте қаларлықтай болмағанымен Патриоттар партиясының лидеріне көзге түсу мүмкіндігін береді.

Сенатор Қасымов аса танымал депутат ретінде 4 аймақта – Алматы (25%), Астана (16,7%), Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) – 33,4% және Ақтөбе облысында (28,6%) ерекше аталды. Респонденттер танылмалдылығына қарай екінші ретте шынайы депутат Дариға Назарбаеваны атады (7,5%). Ақмола облысы бойынша депутат Назарбаева 23% көрсеткіш көрсетіп, аталмыш аймақта танымалдылығын көрсетті.

Ерекше танымал «депутаттар» қатарында осыдан біраз бұрынғы мәжіліс депутаты болған, дәл қазіргі уақытта Білім министірлігінің вице-министрі Мұрат Абенов жалпы қорытынды бойынша 3,2%-ды көрсетті, бірақ өзінің туған Қызылорда облысында шамамен 43% дауыс жинады. Басқа депутаттардың сонымен қоса, Нұр Отан партиясына мүше болып табылмайтын тұлғалар көрсеткішінің төмендігі ел масштабындағы танымал саясаткерлердің жетіспеушілігін көрсетеді. Біршама танымал депутаттардың қатарына (1,6%-2,7%) Ольга Киколенко, Азат Перуашев, Нұртай Сабильянов, Мұхтар Тінікеев, Владислав Косарев, Айгуль Соловьева қосылды.

Қазақстандықтардың депутаттарға деген сенімін танымалдылығы арқылы салыстырайық. Бұл жерде де Ғани Қасымов ел бойынша 14% (ОҚО-да (42,8%) және Шығыс Қазақстан облысында (шамамен 50%) көбірек сенім артады) жинап, көш бастайды. Дариға Назарбаева – халықтың сенім артуы бойынша 7,5% көрсеткішті көрсетіп екінші орынға иеленеді. Алматы (11,7%) және Астана (28,5%) қалаларының тұрғындары депутат ретінде дәл соны ерекше атап көрсетеді.

Респонденттердің депутаттар туралы жауаптары тіпті әртүрлі болғандығын ескеру қажет. Танымал депутаттар туралы жауаптың 38,6%-ында 58 есімнің аталуы, қорытындылай келгенде шамамен 1,6% көрсеткіш көрсетуі кездейсоқ емес. Депутаттарға сенім артуы деңгейі өте бұлыңғыр болып шықты: 53,3% (41 адам) есім 2,5% ғана дауыс жинады.

Қазақстандықтар танымал саясаткерлерді (толығымен) және көп жағдайда сенім артатын тұлғаларды атау барысында әлдеқайда біржақты болды. Екі рейтингте де Елбасы көш бастап тұр. Респонденттердің 28,8%-ы Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздегі аса танымал саясаткер деп естептесе, 11,4%-ы Кәрім Мәсімовты, 9,5% - Иманғали Тасмағамбетовты, 8,9% - Серік Ахметовты, 8,4% - Ғани Қасымовты, 6% - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовты атады. Қалған саясаткерлер 2 немесе одан да төмен пайызды көрсетті.

Мұнымен қоса, мемлекет басшысы танылмалдылығы жөнінен басқа да аймақтарда алдыңғы орында екендігін атап өту керек. Қарағанды облысында Серік Ахметов (56,2%) елбасын басып озды. Кәрім Мәсімов Қостанай (25%), Ақтөбе облысында (40%), Иманғали Тасмағамбетов Маңғыстауда (50%) танымал екендігі анықталды. Танымалдығы жөнінен басқа да саясаткерлер (1,5%-2%), Өмірзақ Шүкеев, Мұхтар Шаханов, Григорий Марченко, Қасымжомарт Тоқаев, Болат Әбілов есімдері айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев сенім арту деңгейі бойынша 60%-ды көрсетіп, бәсекелестіктен сыртқары қалды. Бұл көрсеткішке бәсекелес ретінде Иманғали Тасмағамбетов – 8,4% ғана дауыс жинаса, Кәрім Мәсімов – 7,1%, Ахметжан Есімов – 5% жинады. Басқа да саясаткерлер, олармен қоса Болат Әбілов, Серік Ахметов, Алихан Байменов, Ғани Қасымов, Қырымбек Көшербаев шамамен 1,3% жауап алды.

Сауалнама қорытындылары саясаткерлердің БАҚ-та «жерлестігі» немесе жеке образынан, болмаса басқа да факторлар бойынша еске салынуынан аталды. Респонденттердің «жерлестігі» таңдауларындағы басты фактор емес. Имидж, саясат, репутация, сауалнама көрсеткендей кейде қазақстандықтардың симпатиясына әсер ететін көрінеді.

Мәселен, Назарбаевтан 6% ғана төмен дауыс жинай отырып, батыс өңірден сайланған Иманғали Тасмағамбетов сенім артуы бойынша алматылықтар арасында екінші орында (24,3%) тұр. Бір қызығы, астанада отырып, өз тұрғындарының арасында сенім арту фактісі бойынша көш бастаушылардың арасына енбей қалды. Сонымен қоса, баспасөз алаңында басым әрі белсенді шолатын аймақтық басшылар ресми БАҚ-ы қанша күш салғанымен тұрғындардың симпатиясын әрқашан анықтай бермейді. Рейтинг соңындағылардың ұстанымы кұткендегіден өте төмен.

Телефонмен және ғаламтор арқылы 2125 адам Қазақстанның үлкен қалаларында сұралды.

Жоба туралы:

DEMOSCOPE әлеуметтік институттың классикалық мағынасындағы мысалы болып табылмайды және күрделі коннотациялар мен әлеуметтік портреттерді талдауға тырыспайды. Жобаның мақсаты – экспресс-режимде қоғамның қандай да бір мәселеге байланысты ой-пікірін анықтау.

DEMOSCOPE Қазақстан азаматтарының өзекті тақырыптар бойынша пікірін аз уақыт аралығында анықтауға бағытталған және араға 7-15 күн салып телефон (Қазақстан Республикасының барлық ірі елдімекендерін қамтиды) және Интернет арқылы жүргізіліп отырылады.

Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілерге жүргізілетін мониторинг негізінде қалыптасады, өзекті және ең үлкен резонанс туғызған тақырыптар таңдалынып алынады. Алайда demos.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі сәйкес парақшаларда қолданушылардың өздері қалаған тақырыптар бойынша бастама көтеруіне мүмкіндігі бар.

DEMOSCOPE тек пікір анықтау құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ азаматтарға маңызды сұрақтар және проблемалар бойынша өз ойын жеткізудің тиімді құралы ретінде де ойластырылған.

Біз көмегіне сүйенетін сауалнамалар барынша жеңілдетілген (мүмкіндігінше аз жауап нұсқалары көрсетілген сұрақтар қойылады), бұл өз кезегінде жоба нәтижелігінің қосымша кепілі болып табылады.

Сауалнама нәтижелері қорытынды баспасөз баяны және инфографика түрінде demos.kz сайтында жарияланады және БАҚ редакцияларына сауалнамадан кейінгі келесі 1-2 күн ішінде таратылады.

Жобаға Конрад Аденауэр атындағы Қор қолдау білдірді.

Жоба туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс тұлғаларынан алуға болады:

Әділ Жәлелов – jalilov.adil@gmail.com +7-7774444344
Дінмұхамед Зиядин – aliziyadin@gmail.com +7-7024901767, +7 (727)2616669

Инфографиканы мына жерден көре аласыз: http://demos.kz/kaz/index.php?article=12

Demoscope
20 марта 2013, 15:09
649

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38030
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2654
  • 64
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2397
  • 42
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1968
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2245
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1186
  • 6
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1179
  • 0