Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

33. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(1937ж.т., Бөкей ордасы ауд., Бисен а. - 2013ж Орал.қ ) – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазМУ-ді бітірген (1956). 1959-84 ж. «Жазушы» баспасында, 1985-92 ж. Респ. теле-радио хабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетте әр түрлі қызмет атқарған. 1964 ж. «Тұңғыш» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұдан кейін «Жанар» (1966), «Перзент үні» (1967), «Сахара» (1970), «Сәске» (1976), «Құбажон» (1980), «Көңілімнің сарасы» (1982), «Құланиек» (1989) атты жинақтары шықты. Балаларға арналған «Жеңісбай» (1960), “Ататау» (1977), «Ақмарал» (1979), «Кім көріпті мұндайды» (1981), «Ақ тоқаш» (1984), «Төлбасы» (1993) атты кітаптары жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылған. Жекелеген шығармалары ТМД халықтары тілдерінде, сондай-ақ ағылшын, француз, неміс, испан, араб, поляк, венгр тілдерінде жарық көрді. Әлем поэзиясының озық үлгілерін қазақ тіліне аударды.

Қ.Жұмағалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
123

Еще по теме

33. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz