• 103563
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бату және Русь

(Мономахтың шәпкісі сен қандай ауыр едің...)

"Орда ханзадалары дань алып қайтуға келгенде аттың үстінде отырады, ал Русь князь оның алдында басын иіп тұрып, атын бас киіміне салынған сұлымен жемдеуі тиіс. Бұл ешқашан бұзылмайтын дәстүр болды. Бұл рәсім бүгінгі Мәскеудің Кремлінде жасалатын. Өстіп, қолына бас киімін ұстап, далалық ханзадалардың атын жемдеп, мәскеулік князьдардың талай буыны өмірге келіп, өмірден кетті. Қалыптасқан дәстүр үзілмеді... Міне, осыдан барып – «Мономахтың шәпкісі, сен неткен ауыр едің» («тяжела ты, шапка Мономаха») деген сөз тіркесі қалған..."


Астана. 9 қаңтар. Baq.kz- Шыңғысхан құрған Алтын Орда империясының Сарыарқа ұлысындағы билігі хандардың мұрагерлік дәстүрімен Жошының қолына, одан Батуға (Сайын хан)көшті. Бату Шығыс Еуропадан, Русьтен дань алып тұрды. Кей-кейде орыс князьдарының салық төлегісі келмей, бұлғақтаған кездері де болды. Бірақ, қаһарлы хан олардың жынын бірден қағып алып отырған. 
Сайын хан 1237 жылы Алтын Орда билігіне көнгісі келмеген рязандықтарды оңдырмай жазалады. Сосын 1240 жылы «Ясыға» (Шыңғысханның мемлекетті басқару туралы заңдар жинағы) мойынсұнудан бас тартқан «Киевті» тәубесіне түсірді. Одан кейін қуатты көшпелілер империясының алдында Буда мен Пешт, Прага, Краков, Пожега, Еуропаның тағы бірқатар қалалары тізе бүкті.
Ол замандарда «дань» салу(әскери салық) қалыпты нәрсе-тін. Ол, яғни, «одақ құру» деген сөз. Ұлы Шыңғысхан түзеген «Ясыны» қабылдау ең алдымен сол әлжуаз мемлекеттердің өздеріне керек еді. Оған мойынсұнған мемлекет, қала басқа біреулердің шапқыншылығынан қорықпайтын болды. Өйткені, бұдан былай олар Алтын Орданың қорғауына көшті. Ондай елге енді ешкім батып тимейтін. Сөйтіп, Русь бұған дейін басына әңгіртаяқ ойнатып келген Польша, Латвия және неміс империяларының езгісінен құтылды. Үш ғасыр бойы түркілік қожайындарына бәйек боп қызмет жасап, басын сауғалап келді. 
«Шыңғысханның Ясысы» басқа сенімдегі дін адамдары үшін де қолайлы болды. Далалықтар барлық дін Тәңіршілдіктен тарайды деп сенгендіктен, христиандық, иудалық, буддалық, т.б сенім-нанымдардың бәрін жат көрмеді. Шыңғысхан тіпті Тәңір дініне сыйынып, хан мен оның отбасын өз билеушім деп таныса болды, оларды салықтан да босатты. Ал, Русьтің басқа халқы еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін Ордаға дань төледі. Ордалықтар төлемді жылына бір рет келіп алып тұрды. Ал, хан өкілі келгенше орыс князьдары ақшаны бүкіл Русьтен Мәскеуге әкеліп жинап қоюға міндетті болған. Міне, XIV ғасырда дань жинаушыларды «москаль» деп атау осыдан барып пайда болды. 
Ол замандарда Мәскеуді қала тұрмақ, қамал деп айтудың өзіне келмейтін. Оны қала қылған, жан-жаққа бытырап кеткен орыстың басын қосқан, сауда ісіне үйреткен, өркениетке жетелеген бүгінде ресми тарих айыптайтын «моңғол-татардың үш жүз жылдық басқыншылық заманы» еді. Русьтің басқа мемлекеттердің шапқыншылығынан көз ашып, ел болып ұйыса бастауы осы кезең екені олар қалай жасырса да, баяғыда әшкере болып қалған. Дань жинаушы князьдарда тіпті тұрақты әскер де болмаған. Сондықтан, оларды қорғап жүру үшін хан арнайы жасақ бөліп отырған.
Атағы әлемге әйгілі түбі құмық Ресей тарихшысы Мұрад Аджи ол жөнінде «Қыпшақ Киеві» деген еңбегінде мынандай қызықты дерек келтіреді: «Орда ханзадалары дань алып қайтуға келгенде аттың үстінде отырады, ал Русь князь оның алдында басын иіп тұрып, атын бас киіміне салынған сұлымен жемдеуі тиіс. Бұл ешқашан бұзылмайтын дәстүр болды. Бұл рәсім бүгінгі Мәскеудің Кремлінде жасалатын. Өстіп, қолына бас киімін ұстап, далалық ханзадалардың атын жемдеп, мәскеулік князьдардың талай буыны өмірге келіп, өмірден кетті. Қалыптасқан дәстүр үзілмеді... Міне, осыдан барып – «Мономахтың шәпкісі, сен неткен ауыр едің» («тяжела ты, шапка Мономаха») деген сөз тіркесі қалған... "
Дәулетқали Асауов

 
nazgulnaz
9 января 2013, 12:24
367

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
вчера / 17:21
  • 37970
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Балконы Алматы. Интересные экземпляры встречаются только на старых домах

Балконы Алматы. Интересные экземпляры встречаются только на старых домах

Ещё один отчёт, который очень хотел сделать. Посмотрим на старые алматинские балконы. Хоть у нас и нет шедевров, но кое-что можно снять и выставить.
Ispanec
10 авг. 2017 / 0:04
  • 2837
  • 9
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2614
  • 58
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2373
  • 42
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1954
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2222
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Кандидат в президенты Польши просит место жительства в Казахстане

Кандидат в президенты Польши просит место жительства в Казахстане

Балли Мажец, ранее Балжан Наурызбаева, уроженка Южно-Казахстанской области уже 30 лет проживает в Польше. Является гражданской активисткой и председателем ассоциации Wspolnota Kazachska.
tala03
10 авг. 2017 / 0:25
  • 1400
  • 11