31.03.2015
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлескен іс-шара жоспарлардың аясында Халыққа қызмет көрсету орталығы Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық мамандандырылған бөлімнің қызметкерлері мен Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының тестілеу емтихан бөлімінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов, департаменттің сотқа дейінгі тергеу басқармасы басшысының орынбасары Данияр Артайұлы Қонысов, Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаев, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы басшысының Дәурен Нұржанұлы Сапиев және Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» директорының орынбасары Батырхан Тоқтағұлұлы Мамасеріков қатысып, ақпараттары мен баяндамаларын жасады.
Семинар барысында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» басым бағыттары туралы айтылып, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар мен тәуекелдер жөнінде түсіндірілді. Семинарды қорытындылаған Н.Нұржігітов кездесудің маңыздылығын атай келе, мемлекет адына қойған мақсаттарға жету үшін «Стратегияда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азамат өз жауапкершілігін түсініп, еліміздің өсіп өркендеу жолында адал қызмет етуі қажет екенін атап өтті. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей алдағы уақытта осы індетке бой алдырмай, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынушы қызметкерлеріміз кәсіби, білікті, жан-жақты болып қалыптасып, өз істеріне адал болып жатса, ол әрине баршамыздың жетістігіміз» деп атап өтті.
